Бейсенбі, 14 Мамыр 2015   |   1000 рет оқылды

Намаздың сиқыры

Жаймашуақ күндердің бірінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) мешітте отыр еді. Жанына бір адам келіп жайғасты да: «Ей, Аллаһтың расулы, мен күнә жасадым, мені жазалаңыз», – деді. Аллаһ елшісі үн қатпады. Әлгі кісі айтқанын тағы да қайталады. Осы арада намаздың уақыты болып, жамағат намаз оқыды. Намаздан кейін жаңағы адам тағы да жабыса кетті. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сәл кідіріп оған қарады да: «Үйіңнен шығарда жақсылап дәрет алып па едің?» – деп сұрады. 

–  Иә, жақсылап дәрет алғанмын.  

–  Жаңа бізбен бірге намаз оқыдың ғой?

–  Иә, оқыдым.

Сонда Нәби:

–  Онда Аллаһ сенің күнәңді кешті, – деді.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы