Сейсенбі, 19 Мамыр 2015   |   1433 рет оқылды

Күнәһар ма, жоқ кәпір ме?

«Күнә жасаған мұсылман – кәпір» деп түсінетін харижиттердің бір-екі адамы имам Ағзамға келіп: «Мешіттің ауласына бірі араққа сылқия тойып жан тапсырған ер кісі мен зина жасап, кейін жүкті екенін сезгенде, өз-өзіне қол жұмсаған әйел әкелінсе, оларға қандай пәтуа шығарар едің? Сенім тұрғысынан қалай бағалайсың?» – дейді.

–  Бұлар кімдер? Яһудилер ме?

–  Жоқ.

–  Христиан ба?

–  Христиан емес.

–  Пұтқа табына ма?

–  Жоқ.

–  Олар кімдер сонда?

–  «Аллаһтан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оның елшісі» деген кәдімгі өзіміздің мұсылмандар.

–  Кәлима-шәһәдат иманның неше бөлігін құрайды? Үштен бірі, төрттен бірі...

–  Үштен бірі де емес, төрттен бірі де емес. Иман – бүтін нәрсе, ол бөлшектенбейді.

–  Сонда иманның қаншасы?

–  Тұтас иманның өзі.

–  Олай болса жауапты өздерің беріп тұрсыңдар емес пе, олардың мүмин екенін айттыңдар. Хазірет Ибраһим (а.с.) бұл екеуінен де үлкен күнә жасаған қауым үшін былай деген: «Маған бағынғандар – менен. Маған қарсы келгендерге Сен өте Кешірімді әрі Рақымдысың...»[1].

Хазірет Иса (а.с.) да «Я, Раббым, егер Сен оларды азаптасаң, олар Сенің құлдарың. Егер кешірсең, Сен Ұлысың әрі Хакімсің»[2] демеп пе еді. Ибраһим (а.с.) мен Иса (а.с.) да дұшпандарының кешірілуін қалағанда, сендерге не жоқ? – дейді.

Харижиттер қате түсінікке барғандарын сол мезет түсініп, келген ізімен кері қайтады.


 

1. «Ибраһим» сүресі, 36-аят
2. «Мәида» сүресі, 118-аят

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы