Сейсенбі, 26 Мамыр 2015   |   2609 рет оқылды

«Жұмаққа түрегеп кіргім келеді»

Әнәс (р.а.) әңгімелеуде:

«Бірде Мәдинаның көшелерін басына көтерген әлдебір у-шудан төңірек ел көшкендей азан-қазан болды. «Бұл не шу?» – деп сұраған Айша (р.а.) анамызға төңірегіндегілер: «Абдуррахман ибн Ауфтың Шамнан келген сауда керуені ғой», – деп жауап береді.Керуенде жүк тиеген жүз түйе бар еді.

Айша анамыз сол кезде: «Мен Пайғамбарымыздың: «Абдуррахман ибн Ауфтың жаннатқа еңбектеп кіріп бара жатқанын көрдім» дегенін естіген едім», – дейді.

Бұл сөз Абдуррахман ибн Ауфқа (р.а.) жеткенде:

«Шамам жетсе, еңбектеп емес, екі аяғыммен адымдап кіргім келеді», – деді де, сауаптарын арттыра түсу ниетімен әлгі керуенді жүктерімен қоса Аллаһ жолына атады».

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы