Сейсенбі, 02 Маусым 2015   |   1911 рет оқылды

Жоғалған әмиян

Тақуа құлдардан Амр ибн Динардың айтуына қарағанда, көне уақытта Мәдиналық бір кісінің қала шетінде тұратын қарындасы бар еді. Науқас болғандықтан, жиі барып қалын сұрап тұратын. Бір күні бауыры аурудан қайтыс болғанда, әлгі кісі оны арулап жерлеп, үйіне қайтты.

Үйіне келген уақытта әмиянын жоғалтып алғанын байқады. Ойланып-толғанып, оны зиратты қазғанда ұмытып кеткені есіне түсті. Іле бір досын ертіп қабірге барды. Топырақты қазып, қабірге түсіп, әмиянын тауып алды. Осы кезде өліктің туысы досына: «Сен сәл ары бара тұршы, мен қарындасымның қандай күйде екен, көрейін», – деді. Сөйтіп қабірдің ішкі жағын ашпақ болғанда, лахаттың жанып жатқанын көріп шошып кетті.

Бұл тегін емес болар деп, дереу шешесіне жүгіріп барып: «Қарындасым қандай еді? Жақсы-жаман қылықтарын айтыңызшы?» – дегенде, шешесі: «Қарындасың тірі кезінде есіктің артында тығылып тұрып, көршілердің айтқан әңгімелерін тыңдауға құмар болатын. Сосын естіген-білген өсек-аяңының бәрін жіпке тізгендей жұртқа жаятын жаман әдеті бар еді», – деді.

Сонда барып әлгі кісі сөз тасу, өсек-аяңға үйір болудың қабір азабына себеп болғанын түсінді.  

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы