Сейсенбі, 02 Маусым 2015   |   3626 рет оқылды

Жаман әдет

Бір жас жігіт жаман әдеттерінен арылудың жолын сұрап бір данышпанға барыпты.

Данышпан кісі оған: «Сен ана бір жас шыбықты жерден суыршы», – депті. Ол қиналмай-ақ суырып алыпты. Сосын одан жуанын суыруын тапсырыпты. Ол досын көмекке шақырып қана орынынан қозғапты. Данышпан одан да жуан ағашты көрсеткенде, тағы көп адам жиналып ырғаса да, орнынан қозғалта алмапты. Сонда данышпан: – Көрдің бе? – депті, – жаман дағдыдан бастапқы кезде құтылу жеңіл. Ол кезде оған өзіңнің де шамаң жетеді. Кейіннен достарыңды көмекке шақырасың. Ал нашар қылықты көп уақыт қайталап, ол қанға әбден сіңгенде, көмекке қанша адамды шақырсаң да, бәрі кеш болады, – деген екен. 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы