Сейсенбі, 02 Маусым 2015   |   3137 рет оқылды

Ең қиын үш жағдай

Хазірет Айша (р.а.) өте тақуа еді. Бірде жалғыз өзі оңашада жылап намаз оқып жатқанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) келіп не үшін жылағанын сұрады. Ол:

– Уа, Аллаһтың елшісі! Тозақтың азабын еске алып жыладым, – деді, сөйтті де:

– Қиямет күні сіз жанұя мүшелеріңізді еске ала аласыз ба? – деп сұрады. Сонда Аллаһ елшісі оған:

– Уа, Айша, үш жерде ешкім ешкімді еске алатын жағдай болмайды, – деп жауап берді,

– Таразыға амалдар тартылып ауыр-жеңіл екені белгілі болғанға дейін, амал дәптерлері оңнан яки солдан берілгенге дейін, жаһаннамның үстіне Сырат көпірі құрылып, өтіп-өте алмауың белгілі болғанға дейін.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы