Сейсенбі, 30 Маусым 2015   |   4582 рет оқылды

Намазымды бұзатын нәрселерге жол бергім келмейді

Һакам ибн Уяина (р.а.) намазда тұрғанда тек Алланы ғана ойлап, басқа дүниені ұмытатыны соншалықты, тіпті жанында адам бар екенін сезбейді екен. Ол: «Намаз оқып тұрып оң мен сол жағында кімнің тұрғанын ойлағанның намазы, намаз емес» – деген. Әрине, бұл да бір тақуалықтың шыңы болса керек. 

*** 

Халаф ибн Әюбтан: «Шыбындар сені мазаламайды ма? Неге оларды қолыңмен жасқамайсың?» – деп сұрағанда, ол: «Намазымды бұзатын нәрселерге жол бергім келмейді» – деп жауап қайтарады. «Сонда оларға қалай шыдайсың?» – дегенде: «Патшаның алдында жазалы болып, дүре соқтырған адамдар сабауына шыдап, дыбыс шығармайды. Тіпті бұл жазасын мақтаныш тұтады екен. Олай болса, мен Раббымның құзырында тұрғанда, болмашы ғана шыбынның ызыңын елемегенді дұрыс деп білем» – деп, намазда тұрғанда көлденең ештеңеге көңіл бөлмеу керектігін ұқтырған екен.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы