Сәрсенбі, 13 Сәуір 2016   |   596 рет оқылды

Хазіреті Әли және жүзім

Бірде Хазіреті Әли (р.а.) бір христианның үйінде қонақта болыпты. Әлгі христиан дастарханға әуелі жүзім әкеледі. Хазіреті Әли (р.а.) жүзімді тамсана жейді. Артынша жүзімнен жасалған шарап әкеледі. Бірақ Әли (р.а.) шарапты «харам» деп ішпейді. Сонда христиан: «Мен мұсылмандарға таңғаламын. Жүзімді халал дейді де, бұдан жасалған сусынға харам дейді», – депті. Сол кезде Хазіреті Әли (р.а.): «Әйелің бар ма сенің?», – деп сұрайды. Христиан: «Бар», – деп жауап береді. «Ал қызың бар ма?», – депті Әли. Христиан болса: «Қызым да бар», – депті. «Ендеше екеуін бері қарай шақыр», – дейді Әли (р.а.). Христиан әйелі мен қызын шақырады. Әли христианға: «Бұл қыз әйеліңнен туған. Солай емес пе? Бірақ, Алла Тағала, көріп тұрғаныңдай, әйеліңді саған халал қылды да, қызыңды харам қылды», – дейді шарап пен жүзім де осы секілді дегендей. Әлидің ұтымды жауабына христиан бір сәтке тосылып қалады да, оның тапқырлығына қайран қалып, барлық көкейдегі сұрақтарын сұрай бастайды. Соңында халифаның қолын сүйіп, Ислам дініне өтеді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы