Жұма, 15 Сәуір 2016   |   620 рет оқылды

Дауасыз дерт

Ибн Синадан «Дүниеде дауасыз дерт бар ма?» - деп сұрағанда ол: «Жақсының жаманға ісі түссе, дауасыз дертдеген сол» деген екен.

 

Ұялмасақ та болады екен

Мәруани патшасы Уәлид досы Абдулламен шахмат ойнап отырғанда есіктегі күзетші келіп: «Мырзам, діндар бір кісі келіп тұр, сізге жолыққысы келеді» дейді. Діндар дегенге патша дереу шахматты тығып, қонақты ішке қабылдайды. Келген кісінің басындағы дағарадай сәлдесі мен иегіндегі сақалы оған аса тақуа адамның кейпін беріп тұр еді. Қонақ «Соғыстан келе жатыр едім, сізге сәлем бере кетейін дедім» дейді. Уәлид патша мен келген кісінің арасында мынандай әңгіме жүріпті. Патша сұрақ қоя бастапты:

– Құранды жатқа білесің бе?

– Жоқ.

– Жаттаған хадистерің бар ма?

– Жоқ. 

– Қандай да бір білімпаздардың ойлы сөздерін, немесе әйгілі ақындардың өлеңдерінен білесің бе?

– Бұл тақырыптарға еш қызыққан емеспін.

– Хикметті сөз я оқиға айта аласың ба?

– Оларға да еш көңіл бөлген емеспін.

Уәлид қонақтың бұл жауаптарын естігенде, жанындағы досына былай депті:

«Абдулла, кел, бағанағы шахмат ойынымызды аяқтайық. Келген бұл кісіден ұялатындай ештеңе жоқ екен».

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы