Жексенбі, 24 Сәуір 2016   |   462 рет оқылды

Маған да сауап керек

Ардақты Мұхаммед пайғамбарымызбен (с.а.у.) қасиетті сапарға шыққан бір жолы мұсылмандарға көлік жетіспеді. Бар көлік – жетпіс түйе, екі ат еді. Бәріне түйелерге өзара кезектесіп мінуге тура келді. Бір түйе Пайғамбарымыз (с.а.у.) бен хазірет Әли (р.а.), Мәрсәд (р.а.) үшеуіне тиді.

Жаяу жүру кезегі Алла елшісіне келгенде, жанындағы екі сахаба ілтипатпен:

«Уа, Расулалла! Көлікте отыра беріңізші, біз-ақ жаяу жүре берейік», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз бұған келіспей:

«Сендерден менің еш айырмашылығым жоқ, біріншіден, көбірек жаяу жүретіндей екеуің менен әлді емессіңдер. Екіншіден, маған да сауап керек қой», - деп жымиды.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы