Сәрсенбі, 25 Мамыр 2016   |   836 рет оқылды

Картоп арқалаған кісі

Бір кісі дана қартқа келіп:
- Сенің өзгелерге өкпе-реніш білдірген кезіңді көрген емеспін. Маған да өзіңдей болуды үйретші, - дейді.
 Қарт кісіден картоп пен дорба әкелуді сұрайды.
- Егер де сен біреуге ренжіп, сол адамға ішіңде ыза мен ашуыңды түйер болсаң, бір картопты ал да, дорбаға салып қой.
- Сол-ақ па? - деп таңданады кісі.
- Жоқ. Сосын осы дорбаны өзіңмен бірге үнемі алып жүр. Кімге ренжісең де бір картоптан қосып салып тұр, - дейді.
 Кісі келісіп, үйіне келді. Арада біраз уақыт өтеді. Дорба тола бастайды.   Тағы бірер айда дорба толып, ауырлайды. Кейбіреулері шіри бастайды.          
Кісі қартқа келіп:
- Мұны енді өзіммен алып жүру мүмкін емес. Қатты ауырлап, картоптарым шіри бастады. Басқа нәрсе айт, - дейді.
Сонда қария:
- Адамдардың жүрегінде де дәл осылай болады. Мұны өздері байқамайды. Біреуге деген өкпе-реніш жүректе жиналып, жараға айналады. Адам да ішінен шіри бастайды. Енді біреуге ренжіген сайын, не біреуді ренжіткен сәттеріңде бұл ауыр жүктің саған керегі бар ма, жоқ па жақсылап ойланып ал, - деп жауап береді.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы