Дүйсенбі, 20 Маусым 2016   |   517 рет оқылды

Ислам үшін не сұрар едіңіздер?

Бірде сахабалар мәжіліс құрып отырады. Хазірет Омар олардан жеке-жеке сұрайды:

«Сіздер Исламға қызмет еткілеріңіз келеді. Алла Тағала тілеулеріңізді қабыл алмақ болса, Исламға қызмет ету үшін не тілер едіңіздер?»

Бірі: «Уа, мүминдердің әміршісі, егер Алла менің дұғамды қабыл алса, онда мен бір сандық тола алтын сұрар едім. Сол алтындарды Ислам жолына жұмсар едім» дейді.

Жанындағыдан сұрағанда ол: «Мен бір сандық тола күміс сұрар едім. Соны Ислам жолына жұмсар едім» дейді.

Басқа біреуінен сұрағанда: «Мен Алла Тағаладан сай сала тола қой сұрар едім. Сол қойлардың етін, жүнін, сүтін мұсылмандарға беріп, исламға солай қызмет етер едім», - деп жауап қатады.

Осылай әрбірінен сұрағанда әртүрлі жауаптар естиді. Кезек халифа Омардың өзіне келеді. Сахабалар одан: «Исламға қызмет ету үшін сіз не тілер едіңіз?» деп сұрайды. Сонда ол: «Егер Алла Тағала дұғамды қабыл алып, тілегімді берер болса, сендер секілді алтын күміс, сай сала тола мал сұрамас едім. Мен Алладан адам сұрар едім, адам», - деп сөзін жалғайды: «Әбу Үбәйда секілді, Әбу Зәрр секілді, Муаз ибн Жәбал секілді мықты кісілер сұрар едім».

Иә, маңыздысы, қоғамға пайда тигізетін адам бола білу.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы