Жексенбі, 26 Маусым 2016   |   785 рет оқылды

Өлімді ұмытпа, Омар!

Омар ибн Хаттаб халифа болған кезінде біреуге әділетсіздік жасап қояр ма екенмін деп қатты қорқады екен. Сол себепті  өз ақшасына бір адам жалдап, күн сайын маған өлім туралы ескертіп тұр деп тапсырма береді. Сол күннен бастап ол кісі Құдайдыңқұтты күні Омарға келіп: «Өлімді ұмытпа, әй, Омар» деп ескертіп кетеді екен.  Арада бірталай уақыт өтті. Бір күні осы ескерту тағы да жасалғанда, хазрет Омар былай деді: «Сен енді бұл жұмыстан боссың, бауырым. Енді маған сенің ескертуің қажет емес».
-  Не болып қалды, Омар. Жап-жақсы іс еді. Бұдан бас тартқаның қалай, - деді.
-  Мына менің сақал-шашымның бозғыл тартып ағарғанын көрдің бе? Бұлар енді маған күн сайын өлім жайлы ескертіп тұратын болады, - деді қайран халифа.

Аударған Асылбек Әуезханұлы

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы