Жексенбі, 26 Маусым 2016   |   815 рет оқылды

Бұйырған кетпейді

 

 

 

Хишам ибн Халид деген былай деп естелік қалдырған:
Бір күні намаз оқиын деп бір мешітке кірдім. Жанымда мың алтын динар салынған қалтам бар болатын. Барым да, нарым да сол мың алтын еді. Сол қалтаны бір бағананың түбіне қойдым да, намаз оқи бердім. Құлшылығымды жасап болдым да, мешіттен шығып кетіп қалдым.  Қалтамды қойған жерімде ұмытып кетіппін. Содан жағдайым қиындай бастады. Шынымды айтайын, сонша қаржыны жоғалту оңайға соққан жоқ. Бірақ болған істі бір жыл бойы ешкімге тіс жарып айтқан жоқпын. Бір жылдан кейін әлгі намаз оқыған бағананың түбінде отырып тағы да намаз оқыдым. Намаздан соң: «Уа, Алла Тағалам! Әлгі жоғалған ақшамның табылуын нәсіп етші!» деп дұға еттім. Дауысым қаттырақ шығып кетсе керек, сөздерімді қасымда отырған бір қария есітіп қалыпты. Кенеттен қасыма келіп: «Не дедің, балам?» демесі бар ма, - «Жоғалған ақшамды дейсің бе? Құпия болмаса айтшы қанша ақша еді?»
-  Мың алтын динар болатын, ата! Дәл мына бағананың түбінде қалдырып кетіппін, - дедім.
Атаның даусы дірілдеп, көзі жасаурап кетті. «Мінеки, балам, ақшаң. Мен де сол бір жыл бойы сенің жолыңды тосып отырмын ғой. Құдайға шүкір, мақсатым орындалды» деп, қария терең бір күрсінді.

Бұйырған кетпейді деген сөз содан қалған шығар.

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы