Сейсенбі, 05 Шілде 2016   |   624 рет оқылды

Отқа табынушының жәннатқа кіруі

 Бір отқа табынушы бар еді. Сенімі басқа болса да, мұсылмандардың Рамазан айы мен ораза ұстауына ерекше құрметпен қарайтын.

 Рамазан айы келген тағы бір жылы әдетінше мұсылмандар ораза ұстап, мешіттерге тарауих намаз оқып, құлшылықтарын жасай бастады.

Осы уақытта әлгі отқа табынушы көшеден өз баласының бір нәрсе жеп кетіп бара жатқанын қөреді. Бұған қатты ашуланып, баласын үйіне апарып, сазайын береді. "Мұсылмандардың қасиетті айын неге құрметтемейсің? Олардың күндізгі  уақыттарда ауыз бекітіп, ештеңе жемейтінін білмейсің бе? Әдейі мазақ еткендей көшеде тамақ жегенің не?!" - деп ұрсады.

Уақыты жеткенде әлгі мәжуси қайтыс болады. Кейіннен мұсылман әулие кісілердің бірі оны түсінде көреді. Бір ғажабы ол жұмақта жүр екен. Одан: "Сен отқа табынатын едің ғой. Жұмаққа қалай бардың?" - деп сұрайды. Сонда ол: "Ия, өзің білетіндей мен отқа табынатынмын. Бірақ өмір бойы мұсылмандардың қасиетті Рамазан айына, ұстаған оразаларына құрметпен қарап өттім. Қайтыс боларымда тосыннан "Әй, періштелерім! Рамазан айын құрметтегені үшін Мен бұл құлыма иман нәсіп етпекпін. Оның жанын мұсылман ретінде алыңдар, өзін мұсылмандар қатарына тізімдеңдер" деген дауыс естідім", - деп түсіндіреді.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы