Сейсенбі, 05 Шілде 2016   |   1262 рет оқылды

Жетпіс шейіттің сауабы

 Бір кісі пайғамбарымызға келіп былай деді:

«Уа, Алланың елшісі, менің әйелім бар. Үйге кірсем, алдымнан шығып қарсы алады. Шығар болсам, шын пейілмен шығарып салады. Менің көңілім түсіп кеткенін көріп қалса маған: «Неге көңіліңіз түсіп кетті? Рызық-несібемізді уайымдап отырсаңыз, оған  сіз емес, басқа жауап береді ғой. (яғни рызық-несібеміз Алладан ғой). Егер ақырет жағдайын ойланып отырсаңыз, Алла уайымыңызды арттырсын» дейді. Бұған не айтасыз?»

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Әйеліңнен сүйінші сұра. Ол – жаннаттық. Оған айт: «Сен Алланың қызметшілерінің бірісің, саған әр күн сайын Алла жолында жан тапсырған жетпіс шейіттің сауабы жазылып тұрады» деп жауап берген екен.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы