Сейсенбі, 05 Шілде 2016   |   932 рет оқылды

Жұмақтағы көрші

Кезінде Мұса Пайғамбар Аллаға жалбарынып, өзінің жұмақтағы көршісі кім екенін білгісі келіпті. Сонда Жәбірейіл періште келіп: «Пәлен деген қаланың түген деген ауылындағы бір қасапшы сенің жұмақтағы көршің болады» дейді. Мұса Пайғамбар таң қалып: «Қасапшы дейсің бе?» деп қайта сұрайды. «Иә, қасапшы!» Содан Мұса Пайғамбар сол қасапшыны көргенше тынбайды. Айтылған ауылды іздеп табады. Қасапшыны да өз көзімен көреді. Алыстан арып-ашып келгенін көрген қасапшы Мұса Пайғамбарды үйіне әкеліп қонақ етеді. Бірақ үйге келісімен: «Қонағым, жайғасып отыра тұр. Менің өте тығыз шаруам бар» деп, көрші бөлмеге шығып кетеді. Мұсаның санасы санға бөлінеді. Бұл қасапшы не істейді екен? Жұмақта Пайғамбармен бірге болатындай қандай іс жасайды екен деген ой мазалай береді. Сол-ақ екен, қасапшы мейіздей боп қартайған, жасы жүзден асқан бір кейуана қартты қолымен көтеріп әкеліп, дастарханға отырғызады. Дереу-дереу әкелген тамағын жегізе бастайды. 

«Бұл кім?» дейді пайғамбар. «Менің алтын анам» дейді қасапшы. 
Міне, мәселе сонда ғана белгілі болады. Ана! Ананың қызметі жай адамды пайғамбармен бірге жұмаққа кіргізеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы