Сенбі, 30 Шілде 2016   |   630 рет оқылды

Түшкірудің хикаясы

 

 

 

Абдулла ибн Мубарак құлшылығы мол құдайшыл құл болатын. Құранды, Сүннетті, Шариғат заңдарын жақсы білетін. Мешіттерде отырып өзінің терең білімін бөлісуді жақсы көретін. Күндердің күнінде сол Абдулла бір кісімен сапарлас болып жолда келе жатады. Бір кезде әлгі кісі түшкіріп қалады. Бірақ ештеңе болмағандай үн-түнсіз кете береді. Абдулла оған Алланың рахымын тілейін десе, ол кісі Құдайға мадақ айтқан жоқ. Шариғаттың талабын бұзып тұр. – Әй, бір нәрсе десейші! Түшкірген соң Аллаға мадақ айтпаушы ма еді? – деген кейіппен әлгі адамға қарап қояды. Шүкіршілік әлі жоқ. Мән бермей жүре береді. Енді Абдулла осы сүннетті қалайда тірілтуге мықтап бекінеді. Сөйтеді де: «Әй, бауырым!  Түшкірген адам не деп айтатын еді осы?» деп білмегенсіп сұрай салады. Әлгі кісі: «Әлхамду лилләһ!» («Аллаға мадақ болсын!») дейді деп жауап қайырады.  Сол-ақ екен Ибн Мубарак рахаттанып тұрып, көркем нақышпен «Йахамука Аллаһ!» («Алла саған рақым етсін!») дейді де, көздеген мұратына жетеді.

Тұжырым:

Иә, кейде біліп тұрған нәрсемізді жасамайтынымыз бар. Шындығында, бұл нәрселер әзіл немесе бос нәрселер емес қой! Аллаға мадақ айту, Алланың рақымын тілесу үлкен дүние емес пе? Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасы қабыл деген тағы бар. Осындай сүннетерді ұмытпай жүрейік, ағайын! Сондықтан түшкіргендер Аллаға шүкір етіңіздер! Баршамызды Алла рақымына алсын!

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы