Бір кішкентай құмырсқа жерге тамған балға тап болады. Дәмін татып кетпекші болған құмырсқа балдың тіл үйіретін дәмін қимай қайта оралады. Тіпті жиегінен жегенге қанағат қылмай балдың ішіне кіріп одан бетер ләззатқа батпақшы болады. Дегеніне жетіп, белуардан кіріп, біраз рақаттанып, кері шықпақшы болғанымен, қозғала алмай балға белшесінен батқан күйі өліп қалады. Осылайша бір тамшы бал және қанағатсыздық құмырсқаның түбіне жетеді.
Дүние де осы іспеттес. Азға қанағат еткендер құтылып, қанағатсыздар тұтылуы мүмкін.
اللهم لاتجعل الدنيا أكبر همّنا