Дүйсенбі, 22 Тамыз 2016   |   712 рет оқылды

Атеистті иманға келтірген мисуак емес, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисі

Түркияның Білім және Ғылым министірлігінде комиссия басшысы болып қызмет атқарған Ахмет Юрдакул (ұлты – неміс, аты-жөнін өзгерткен) өзінің қалай иман келтіріп, Ислам дінін қабылдағанын бір естелік хатында былай деп жазады:

«Пәкістанға барған кезім болатын. Ол кездерде атеист едім. Ешбір дін мені қызықтырмайтын. Кешкісін мұнаралар жарықтандырылып, азаншылар түрлі иләһи өлеңдер айтып жатты. Ұзақ жатып тыңдадым. Бір үйлесімділік бартұғын. Көбі арабша болғандықтан түсінбедім.

Ертеңіне Пәкістанның діни басқармасына бардым. Барып: «Кешегі болған салтанат не еді?» - деп сұрадым. Олар маған: «Кеше Пайғамбарымыз хазреті Мухаммедтің (саллаллаһу әләйһи уә сәллам) туған күні еді. Соны тойладық» деді. Олай болса маған оның бір кітабын беріңдер дедім.Маған бір хадис кітабын берді. Орта жағынан бір бетін аштым да бір хадисті көрсетіп, аударып бер дедім. «Тістеріңді мисуакпен тазалаңдар», - деп жазылған деді.

Мисуактың не екендігін сөздіктен қарап білдім де, зертханаға әкеліп зерттеп көрдік.  

Мисуак – дәрумендерге бай ағаш. Оны қолданған адамда скорбут (цинга) ауруы болмайды. Суды асқазанда ассимиляциялайды, әрі ас қорытуды жақсартады. Асқазанның жұмысын жеңілдетеді. Ең маңыздысы тұрақты қолданатын адамдарда геморрой ауруы болмайды екен. Міне, осылай бір ағаш бөлшегі мені иманға қауыштырып, мұсылман болдым».

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы