Жексенбі, 25 Қыркүйек 2016   |   451 рет оқылды

Дәрігер шақырған жоқ едім...

Бұл оқиға қиналған адамның, әрі ата- ананың баласына жасаған дұғасын Алла Тағала міндетті түрде қабыл ететініне дәлел болса керек...

Бірде жалғыз басты мұсылман әйелдің баласы қызуы көтеріліп қатты ауырып қалады. Дәрігерлер тек ақымен емдейді екен. Ал баласының шырылдағанына қанша қиналса да қаражаты жоқ әлгі әйел түнде тахажут намазына тұрып, Жаратқан Алладан жалбарынып дұға жасайды. Содан соң, бар қолынан келгені баланың ыстық маңдайына, сулы шүберек баса береді. Түнде біреу есік қағады. Есікті ашса – дәрігер екен. Ол келе сала «Ауру бала қайда» - деп сұрайды.

Анасы: «Анда жатыр» дейді. Дәрігер балаға укол салып, дәрі-дәрмек беріп қызуын қайтарады. Пайдалы кеңес беріп, біршама дәрі-дәрмекте қалдырады. Қолына чек беріп, емдеу ақысын сұрап, ақша талап етеді.

Әйел: «Ақшам жоқ» дейді.

Сонда, дәрігер: «Онда, мені неге шақырасың?» - дейді.

 Әйел болса: «Шақырғам жоқ» дейді.

Дәрігер: «Қалай, шақырған жоқсың, мынау сенің мекен-жайың емес пе?» деп сұрайды.

 Сөйтсе, дәрігердің өзі жаңылысып кетіп көршісінің үйіне кірудің орнына бұлардың үйіне кірген екен. Бұл оқиға қиналған адамның, әрі ата- ананың баласына жасаған дұғасын Алла Тағала міндетті түрде қабыл ететініне дәлел болса керек...!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы