Дүйсенбі, 10 Қазан 2016   |   687 рет оқылды

НӘПСІНІҢ ДАУАСЫ

Алла Тағала ақылды жаратқанда, оған: «Әй, ақыл, бері қара!» – деп бұйырады. Ақыл қарағанда, «Мен кіммін? Сен кімсің?» – деп сұрайды. Ақыл «Сен құдіретті Жаратушысың, мен жаратылған мақұлықпын», – деп жауап береді. Алла Тағала бұл жауапты естігенде, «Әй, ақыл, сенен асқан абыройлы нәрсе жаратпадым», – дейді.

Нәпсіні жаратқан кезінде оған да: «Әй, нәпсі, бері қара!» – деп бұйырады. Бірақ нәпсі қарағысы келмейді. Алла Тағаланың «Мен кіммін? Сен кімсің?» – деп сұрағына: «Сен сенсің, мен менмін», – деп тәкаппарлана жауап береді. Бұны естігенде Алла Тағала оны тозаққа салып жазалайды. Жүз жылдан кейін шығарып алып әлгі сұрақты қойғанда, ол баяғы қырсық жауабынан танбайды. Алла Тағала оны енді аштықпен жазалайды. Жүз жылдан кейін шақырғанда, ол өзінде ешқандай құдірет жоқтығын мойындап: «Сен менің Жаратушы иемсің, мен сенің әлсіз құлың екенмін», – деп жауап береді.

Алла Тағала осыдан кейін нәпсіні тәрбиелеу үшін оған ораза ұстауға міндетті қылады. 

Құдайберді Бағашар

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы