Дүйсенбі, 10 Қазан 2016   |   668 рет оқылды

СОҢҒЫ ТІЛЕК

Зәйд ибн Амр ибн Нүфәйл – Исламға дейін тәухид сенімін жақтайтын ханиф дінінде болған кісі. Ол яһуди мен христиан діндерін зерттей келе, бұл діндердің көп бұрмалауға ұшырағанын көрді. Ақиқат дінді табуға қатты құмартты. Шам тарапына жол тартып, көне жазбаларға қанық кісілермен жүздесті. Ақыры бір монахты жолықтырды. Монах оның жағдайын түсініп:

–  Ей, Меккелік адам, қазіргі діндерден бұлтартпас ақиқатты табуың қиын. Одан да өз еліңе қайт. Алла өз қауымыңнан Ибраһимнің дінін қайтадан жаңалаушы біреуді жібереді. Егер соңғы пайғамбарды көруге өмірің жетсе, соған мойынсұн, – деп кеңес береді.

Бұны естіген Зәйд дереу атының басын кері бұрды. Хазірет Мұхаммедке (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарлық міндет жүктелгенде, Зәйд оны көре алмады. Өйткені жолай қарақшылардың қолынан қаза тапты. Өлер алдында оның:

–  Я, Раббым, бұл шапағатты істен мені құр қалдырсаң да, ұлым Сайдты  құр қалдыра көрме, – деп дұға еткендігі айтылады.

Содан болар, ұлы Сайд ибн Зәйд (Оған Алла разы болсын) Ислам дінін шын жүрегімен қабылдаған алғашқы мұсылмандардың бірі болды. 

Құдайберді Бағашар

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы