Сәрсенбі, 30 Қараша 2016   |   594 рет оқылды

ӨМІРДЕ АДАМДАРДЫҢ ЕКІ ТҮРІ БОЛАДЫ

– Неге кейбір адамдар ақкөңіл, мейірімді болады, ал енді біреулері көре алмас, күншіл келеді? – деп біреу сұрапты ақылгөй адамнан.

– Өмірде адамдардың екі түрін байқадым. Оның бір тобы шыбындарға ұқсайды. Шыбынның іздегені – нәжіс. Шыбынды гүлзар баққа жіберсең де, ол соның ішінен нәжіс тауып, соған қонады. Сасық иістен ләззат алады. Оның мұрны жұпар иіс сезбейді. 

Адамдардың екінші тобы бал арасы сияқты. Бал арасы кез келген жерден гүл іздейді. Мысалы, мал қораның шетіне бір тал гүл қойып, араны жіберсеңіз, ол міндетті түрде гүлді табады. Ақжүрек адамдар бал арасы секілді жақсылыққа құмар болады. Олар кез келген ортада Алланың хикметін көреді. Мал құмар, көңілі соқыр надандар шыбынға ұқсап өсек-аяңға үйір болып, кісілердің ұсақ-түйек кемшіліктерін жиып-теріп жүреді. Олар жақсы әңгімеден ләззат ала алмайды, – деп жауап берген екен.

Дина Елгезек

Facebook-тегі парақшасынан

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы