Жұма, 13 Қаңтар 2017   |   444 рет оқылды

Қышпен басыңды ұрсам не болады?..

Бір ағраби (шөл дала тұрғыны) қази Ғияс ибн Муғауийаға келіп былай деді: «Құрма жесем маған дүре соғасыңдар ма?»

- Жоқ.

- Су ішсем ше?

- Жоқ.

- Шарап құрма мен судан жасалады ғой! Ондай ол қалай арам болып қалады және оны ішкендерге неге дүре соғылуы тиіс?!

Сонда қази Ғияс оған былай дейді: «Басыңды топырақпен ұрсам, басың аура ма?»

- Жоқ.

- Басыңа бір шелек суды құйып жіберсем, басың жарыла ма?

- Жоқ.

- Ал егер су мен топырақты араластырып одан қыш жасасам, кейін сол қышпен басыңды ұрсам не болады?

- Басым жарылады.

- М-м-м! Шарап осыған ұқсайды.

Xayrulla Hamidov

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы