Сенбі, 28 Қаңтар 2017   |   548 рет оқылды

Он ғалымның сынағынан сүрінбей өткен ғалым

Бұхари бір күні жолы түсіп Бағдатқа келеді. Бағдатта оның ғылыми дәрежесін, еске сақтау қабілетін, хадис турасындағы білгірлігін қалың қауымның алдында он ғалым сынап көрмек болады. Әлгі он ғалым әрқайсысы он хадистен, деректік тізбегін әдейі бұрмалап, риуаят еткендердің аты-жөнін шатастырып оқып шығады. Мәселен, ниетке қатысты хадис Яхия ибн Саид әл-Ансари Мұхаммед ибн Ибраһим әт-Тәймиден, ол Алқама ибн Уаққасил-Ләйсиден, ол хазірет Омардан (р.а.) келіп жеткен. Алайда Бұхариге қойылған сауалда бұл хадистегі Яхия ибн Саидтің орнына басқа біреу, Алқаманың орнына басқа біреу, Тәймидің есімі басқа бір атпен шатастырылып беріледі. Дәл осылайша жүз хадис алынған қайнар көздердің бәрі араластырылып Бұхариге оқылады. Бәрін тыңдап болған соң Имам Бұхари: «Бірінші хадисте пәленшенің орнына түгеншені қойыпсыз, оның шын мәніндегі деректік негізі мынадай...» – деп, біріншіден бастап, жүз хадистің бәрін жеке-жеке дұрыстап шығады. Бәрін тура айтып шыққан соң, сол жердегі емтихан алушы ғұламалар бәрі бірауыздан Бұхаридің жаттау қабілетінің жоғарылығын, бұл салада өте лайық ғұлама екендігін мойындайды.

 Хатиб әл-Бағдади, Тариху Бағдат, 2/20-21; Ибн Хажар, Хәдиус-сари, 487-б.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы