Жұма, 17 Ақпан 2017   |   967 рет оқылды

НЕСІБЕ

Әсма бинт Әбу Бәкр әс-Сыддиқ (р.анһа): «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған: «Қапшығыңның аузын байлап, дүниеңді тығып ұстама. Әйтпесе Алла Тағала да саған (беретін ризығын) байлап тастайды», – деп айтты», – деген (Бұхари, зәкәт 21; Муслим, зәкәт 88).

Түсіндірме: Осы хадиске қатысты басқа бір риуаятта Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Садақа берсем, дүнием кеміп қалады деп қорықпа, жомарт бол. Дүниені, ақшаны жиған үстіне жиып, қайта-қайта санама. Сараң болма. Әйтпесе, Алла Тағала да саған ризық-несібе бергенде (үйіп-төкпей) санап беретін болады. Қажетіңнен артылған дүниені (ақшаны) мұқтаждарға бермей тығып қойма. Егер сөйтетін болсаң, Алла Тағала да солай істейді».

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы