Жұма, 19 Мамыр 2017   |   334 рет оқылды

Зекет – байлықтың қорғаны

Хасан әңгімелеуде: Бір күні Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзін қоршай отырған сахабаларға: «Зекет – қолдағы мал мен байлықтың қорғаушысы, сақтаушысы», – деді. Дәл осы мезет бір христиан саудагер де айтылғандарға құлақ салып тыңдап отырды. Пайғамбар сөзін айтып бітірер-бітірмес әлгі христиан барған бойы малының зекетін берді. Сол уақыттар христиан саудагердің жақын досы Мысырға саудамен жол тартқан еді. Екеуі бірге сауда жасайтын. Ол кездерде сауда үлкен керуендермен жасалатындықтанжолбойықарақшылардыңқармағына түсіп қалу қаупі жоқ емес. Христиан ішінен былай деп ойлады: «Егер Мұхаммедтің айтқаны рас болса, мен берген зекеттен досым қарақшылар құрығынан аманесен келеді, ондамендемұсылмандықтықабылдаймын. Ал егер Мұхаммед жалған айтып жұртты алдаған болса, онда менің досымның саудасы жол бойы қарақшылардың талан-таражына түседі, онда мен де қылышымды алып Мұхаммедтің сазайын беремін». Бір уақытта жолдағы керуеннен хат келеді. Хатта керуеннің қарақшыларға тап болып, бар дүниемүліктен айрылғаны жазылыпты. Хаттың бас жағын оқи сала христиан бірден қылышына қол жүгіртіп, жолға жиналмақ болды. Бірақ артынша досының «Керуеннің алдыңғы жағына қарақшылар шабуыл жасап, бар мал-байлықты ту-талапай жасағанда, мен керуеннің соңында едім. Маған ештеңе болған жоқ. Бар мал-байлығымыздың еш шашаусыз аман-есен келе жатқан жайы бар. Алаң болма! Жақында барып қаламын» деген сәлемдемесін алады. Бұдан кейін Пайғамбардың ақиқат сөйлеп, рас айтқанына христиан саудагердің зәредей де шүбәсі қалмайды. Дереу Ақиық елшінің алдында тізе бүккен күйі: – О, Расулалла, – дейді, – маған исламды түсіндір, иманға келейін. Ислам түсіндірілгенде, ол ислам туының аясында адамзаттың ең тұнық бастауы мұсылманшылықты қуана қабылдайды1.

1 Рауда-тул Улема

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы