Жұма, 19 Мамыр 2017   |   393 рет оқылды

Тұла-бойың иманға тұнып тұр екен

Бірде Харис ибн Малик мешітте түнейді. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оны түртіп оятады. Басқа сахабалар сынды ол да: «Анам-әкем жолыңда садаға кетсін, уа, Расулалла, әміріңізге құлдық», – дейді. Расулалла оған: «Таңды қалай атырдың?» – дейді. Харис (р.а.): «Хақ жолдағы мүмин ретінде таң атырдым, өзімді хақ жолдағы мүмин ретінде сезінудемін», – деп жауап береді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Әрбір ақиқаттың бір айғағы болады. Ендеше, сенің осы иманыңның айғағы не?» – деп сұрайды. Харис: «Күндіз ораза ұстадым. Түнде таң атқанға дейін Раббыма құлшылық еттім, уа, Алланың елшісі! Қазір тіпті Раббымның ғарышын, жаннат иелерінің шаттыққа бөленіп, жаннатта жүргендерін көріп тұрғандаймын», – деп жауап береді. Сонда Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сенің тұла-бойың иманға тұнып тұр екен», – дейді.

 Мамәр ибн Рашид, әл-Жами 129; Ибн Әби Шәйба, әл-Мусаннаф, 6/170; Бәйхаки, Шуабул-иман, 7/363. 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы