Жексенбі, 27 Тамыз 2017   |   285 рет оқылды

АЗ КҮЛІП, КӨП ЖЫЛАР ЕДІҢДЕР

Ардақты сахаба Әнас (р.а.) былай дейді: «Бірде Расулалла (с.ғ.с.) сахабалар жайлы жағымсыз хабар естіп, оларды жинап алды да, оларға: 

"Алла Тағала маған жәннат пен тозақты көрсетті. Сол күнгідей жақсылық пен жамандық атаулыны бұрын-соңды көрген емеспін. Егер менің көріп-білгендерімді білсеңдер, аз күліп, көп жылар едіңдер", – деп уағыз айтты.

Бұған дейін Алла елшісінің (с.ғ.с.) сахабаларының басына дәл осындай ауыр күн тумаған еді. Еңселері түскендігі соншалық, бастарын бүркеп алып, егіліп жылаумен болды».

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы