Жұма, 08 Қыркүйек 2017   |   159 рет оқылды

Үміт пен күдіктің арасында

Тақуа кісілердің бірі Сануси өзін сәт сайын Алла Тағаланың бақылап тұрғанын сезінгенде, жанын қоярға жер таппай кететін. Өйткені, Жаратушы Иеден қатты қорқатын. Күнара ораза ұстайтын. Қолындағыны қанағат тұтатын, өзі бермесе, ешкімнен көз сүзіп ештеңе сұрамайтын.

 Ораза ұстаған кей күндері: «Аузың берік пе?», – деп сұрағандарға:

«Шынымды айтсам… ораза ұстадым деп те, ұстамадым деп те айта алмаймын», – деп күмілжи жауап беретін.

 Ораза ұстағандықтан «ұстамадым» дей алмайтын. Алайда, менікі қабыл болатын кәміл оразаға жата ма, жатпай ма деген іштейгі күдікпен «ұстадым» деуге де ауызы бармайтын. Оның рухани тереңдігін білмейтіндер:

«Өзіңнің ауыз бекітіп, бекітпегеніңді білмейсің бе?», – дегенде, ләм-мим деп жауап берместен, ол жай ғана күлімсірейтін де қоятын.

(Құдайберді Бағашар, «Ислам және өркениет»)

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы