Сейсенбі, 12 Мамыр 2015   |   2417 рет оқылды

Фатима мен Аишаның әйелдерге өсиеттері

Фатима аз-Захра (р.а.) былай деген: «Күйеуін ренжіткен әйелдің жағдайы қандай болады?!» Егер ол күйеуін тыңдамайтын болса, онда ол Алланың қарғысына қалады, және күйеуінен кешірім сұрағанға дейін осы қарғыстан құтылмайды. Күйеуімен төсек қатынасынан қашқаны үшін барлық сауаптар кетеді. Әйел күйеуіне тәкаппарлық көрсететін болса, онда Алла оған ашуланады. Әрі күйеуіне «Сен не, менің қожайыным ба едің?» болмаса «Мен сенен не жақсылық көрдім», деп айтар болса, онда Алла ол әйелге өз нығыметтерін харам етеді. Егер әйел күйеуінің арқасындағы іріңді жаласа да, онда да ол бәрібір күйеуінің құқықтарын орындай алмайды. Егер әйел күйеуінің рұқсатымен 90 километрден қашық жолға шығатын болса, онда күйеуіне рұқсат бергені үшін 1000 күнә жазылады. Ал енді күйеуінің рұқсатынсыз жолға шыққан әйелдің жағдайы қандай болатынын елестетіп көріңізші!».

Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Ей, Фатима! Егер Алла бір адам екінші адамға тағзым етіп, сәжде жасасын десе, онда мен әйелі өз күйеуіне тағзым етіп, сәждә жасасын деп айтқан болар едім», деп айтқан.

Аиша (р.а.): «О, Алланың Елшісі! Маған өсиет бер!», деп сұрағанда, Пайғамбар (с.ғ.с.) былай жауап береді: «О, Аиша! Мен саған өсиет беремін, ал сен оны менің үмметімнің әйелдеріне жеткіз: Қиямет күні олардан әуелі имандары, дәреті, күйеуінің құқығы үшін сұрақ алынады.Егер күйеуі әйелінің жаман мінезі үшін сабырлылық танытса, онда оған Алла Айюбтың (а.с.) сауабын береді. Ал егер әйелі күйеуінің жаман мінезіне сабырлылық танытса, онда ол әйелдің Аишаның (р.а.) сауабын алады. Егер күйеуі әйелін себепсіз ұратын болса, онда мен ол әйел үшін араша түсемін. Ал күйеуі үш жағдайда әйелін ұруға құқылы: намаздан бас тартқаны үшін, төсек қатынасынан бас тартқаны үшін және үйінен күйеуінің рұқсатынсыз шыққаны үшін. Басқа жағдайларда ол әйеліне бірнеше рет ескерту жасауы қажет. Әйелі сонда да тыңдамайтын болса, онда ол әйелінен өз төсегін бөлуі тиіс».

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы