Сейсенбі, 12 Мамыр 2015   |   3304 рет оқылды

Күйеуіңе ықыласты бол, өйткені ол сен үшін Тозақ та, Жұмақ та

Ислам әйелге ең құрметті орынды белгілеген. Әйел – ана, қарындас, қыз, тақуа жар. Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) былай деген: «Барлық пенделік заттар – бұл бар болғаны зат, материя». Пендешлік өмірдегі жандылардың ішіндегі ең жақсысы – ол тақуа әйел». Тақуа және бас иетін әйел – ол өз күйеуі және оның отбасы үшін қуаныш. Өз күйеуіне ашуланбайтын және оның мінезіне сабырлылық көрсететін әйел. Жақсы әйел – ол иманның жартысы. Өйткені хадисте былай дейді: «Алла тағала тақуа әйел берген адамға ол аяғымен тұруға көмектесті және оған берілген діннің жартысын толтырды. Ал оның екінші жартысын ол өзі тырысып және Алладан қорқып сақтасын».  Екінші бір хадисте былай деген: «Пенделік өмірде төрт зат берілген адамға осы өмірдің де, мәңгілік өмірдің де игіліктері беріледі. Бұлар ризашылық білдіретін жүрек, Алланы түсінетін тіл, бақытсыздық пен қасіретті шыдамдылықпен көтеретін дене және  абыройға қатысты да, мүлікке қатысты да мәселелерде оны алдамайтын адал әйел».  

Отбасындағы тыныштық пен татулық әйелдің қолында. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Егер әйелі өзінің күйеуінің алдындағы міндеттерін білсе, онда ол күйеуі түскі және кешкі астарын ішіп болмайынша отырмаған болар еді», деді. Алла тағала отбасын қамтамасыз ету міндетін еркекке жүктеген, ал әйелге күйеуінің үйін және оның мүліктерін сақтау жүктелген. Сондықтан әйелі күйеуінің көңілін табуға тырысуы қажет, өйткені Алланың ризашылығы күйеуінің ризашылығында. Үнемі таза әрі ұқыпты болыңыз, өзіңіздің күйеуіңіз үшін сәнденіңіз. Дастарханыңызда үнемі ыстық тамақ тұрсын. Себебі күні бойы шаршаған күйеу үшін аз ғана нәрсе керек. Бар жоғы күлімдеп қарсы алғаныңыз, дәмді ас және жылы төсек.

Умм Акиланың әрбір әйелдің ұстанғаны дұрыс болатын өз қызына берген керемет өсиеті бар: Қызым менің! Сен өзің туып-өскен ұяаңнан жырақтап кеттің. Сен өзің танымайтын адамға күйеуге шықтың. Ол - онымен ешқандай қарым-қатынасың болмаған - сенің жолдасың. Енді ол сенің құлың болуы үшін, сен оның күңі бол. Онымен қарым-қатынасыңда он өсиетті сақта, олар саған көмектесетін болады. Біріншіден және екіншіден, одан орынды әрі едәуір қорқып жүр, оны тыңда және оған бағынғың. Үшіншіден және төртіншіден, ол жаман нәрсені көрмеуі және тек жағымды иісті иіскеуі үшін одан өзіне не ұнайтынын сұра. Бесіншіден және алтыншыдан, оның қайда ұйықтайтынын және не жейтінін біліп ал, өйткені қарны аш еркек кейігіш, ұйқысы бұзылған еркек ашуланғыш болады. Жетіншіден және сегізіншіден, оның дүние-мүлкін қорға және оның құлдары мен балаларына қамқорлық жаса. Мүлік үшін ең бастысы – ол оны дұрыс бағалу, ал отбасында ең бастысы – дұрыс ұйымдастырып басқару.  

 Күйеулеріңіз үшін тіл алғыш әйел болыңыздар, Алла тағала олардың қолына біздің Жұмағымызды берген. Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) бірде бір әйелден былай деп сұрағаны белгілі: «Сенің күйеуің бар ма?». Әйел: «Иә» дейді. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Ол саған риза ма?» деп сұрайды. Әйел: «Ол мен бір нәрсені істей алмаған кезде ашуланады», деп жауап береді. Сол кезде Пайғамбар: «Оған ілтипатты бол, өйткені ол сен үшін Тозақ және Жұмақ» дейді (имам Ахмад).

Мұсылман әйелінің қандай болуы керектігі туралы тағы да басқа көптеген хадистер мен мысалдар бар. Біз үшін олардың ішіндегі мүміндердің анасы ең жақсы мысал болады. Пайғамбардың (с.ғ.с.) Алланың өзіне Хадишадан артық әйел бермегенін Алла атымен ант етіп айтқанын, имам Ахмад жеткізген. Алланың Елшісі (с.ғ.с.) басқалар одан теріс айналған кезде, Хадишаның оған әбден нанғанын, басқалар  оны барынан айырған кезде Хадиша оған өзінің бар мүлкін бергенін, басқа әйелдерінен балалары болмаған кезде, тек Хадишадан ғана балалары болғанын айтқан. Ол (с.ғ.с.) Хадиша туралы: «Ол әйелдердің ішіндегі ең кереметі», деп айтқан.

Пайғамбар (с.ғ.с.) сүйікті қызы Фатима тұрмысқа шыққан кезде, оған келесідей өсиет берген:

 «Қызым менің, үнемі таза әрі ұқыпты бол! Өзіңнің құдайыңды үнемі жадыңда ұста! Күйеуің саған қараған сайын қуанатын болсын, саған қарағанынан тынығатын болсын! Сүрмені қолдан! Ол әйелдерді әдемілеуші.

Қызым менің, күйеуің өзіңе қарап тұрған кезде, көзіңді одан алма, сен де сүйіспеншілікпен жауап бер! Егер сен осылай істесең, онда сенің махаббатың өсетін болады. Ол басқа жаққа қарап тұрған кезде де, сен оның жүзіне қара. Өйткені бұдан келер пайда көп... Оған сүйсініп қарау арқылы және оның артынан риза келбетпен еру арқылы сен оны риза етесің, сондай-ақ, бұл да  саған сүннет ораза сияқты құнды.

Күйеуіңнің қасында тым-тырыс және қатынаспастан отырма! Ол сені бұрынғыдан да жақсы көруі үшін, оған ұнайтындай жолмен сөйлес... Оның қателерін басқаларға айтпа! Егер сен оларды басқаларға айтатын болсаң, онда Алла саған ашуланады... Сол кезде періштелер де, пайғамбарлар да сенің күйеуіңнің өзі де саған қарсы болады...»

Алла мұсылмандардың отбасыларына берекет пен тыныштық берсін! Бізге жақсы әйелдердің ең жақсы қасиеттерін сыйласын!

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы