Сейсенбі, 12 Мамыр 2015   |   2524 рет оқылды

Батыс мәдениеті отбасын бұзады. Сіздің таңдауыныз

Бәрі даму керек деп есептейтін қазіргі заманғы адамға даму үнемі жасау емес екенін түсіндіру қиын шығар. Өкінішке орай, адам қоршаған ортаға, оның алдамшы кереметтеріне еріп, отбасы сынды маңызды құндылықты ұмытып кетіп жатады. Алла тағаланың қалауымен осы тақырыпты қозғағым келіп отыр.

Отбасының берік болуына әсер ететін бірінші нәрсе – бұл сол отбасының қалай құрылғанында. Егер жастар ата-анасының рұқсатынсыз, оларды ренжітіп немесе олармен байланысын үзіп үйленетін болса, онда Алла тағаланың Құранда: «Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле» (17:23), - деп айтқаны қалай болмақ. Егер еркек әйел үшін өзін ұзақ жылдар бойы бағып-қағып өсірген және қымбат болып саналатын адамдарды сатып кететін болса, онда ол адам әйеліне адал бола ала ма, оны да сатып кетпей ме. Неке шарттарының орындалуын күйеуінің бұзған-бұзбағанын бақылап отыратын қамқоршысыз шыққан әйелді кім қорғайды?
Екіншіден, күйеуінің жалақысы жетіп тұрып, үйде отырмай жұмыс жасайтын әйелдер туралы айтқым келеді. Ол әйел бөтен еркектердің ортасына түседі және оған басқа әйелдер осы өмірдің әртүрлі кереметтерін айтып оны бұзады, содан кей ол күйеуінен сол заттарды (сәнді қымбат киім, асыл бұйымдар, саяхат жасау) талап ете бастайды да, еріне бағынатын әйелден мазасыз, ашкөз, жөнсіз салмақ салатын әйелге айналады. 
Үшіншіден – бұл бала тәрбиесі. Ата-аналар, бұл жақсы деп ойлап, өздері балаларын музыкаға үйретеді, артынан бұзылғандықтың ұясы және жаман таныстар табатын орын дискотекадан шықпайтын болды, деп өздері шағымданатын болады. Баланың қоршаған ортасына бақылау жасамайды, содан барып «ол мұны қайдан үйренді», деп таң қалады. Бір білгір адам былай деген екен: қожайын қойларым зардап шекпесін деп, оларды түнде қораға мықтап қамап қояды, ал баласының сол түнді қалай өткізетініне алаңдамайды да. 
Төртіншіден, туыстық қатынастар туралы айтқым келеді, өйткені Алла тағала былай деген:

Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өзара сұрасқан Алладан және туыстардан (безуден) сақтаныңдар. Шәксіз Алла (Т.) сендерді бақылаушы (4:1). Тағы да:

Алла (Т.) қалаған кісісінің несібесін кеңітіп, тарылтады. Олар, дүние тіршілігіне мәз болды. Негізінде дүние тіршілігі; ақыреттің жанында тек қана бір күн көріс (13:26).
Туысы жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға міндетті түрде қарайласыңдар. Және мүлде ысырап қылмаңдар (17:26).
Туыстық қатынастың маңызды екенін есте сақтау үшін:

Алланың Елшісі (с.ғ.с.) былай дейді: «Кімде-кім өзінің несібесі мол, өмірі ұзақ болғанын қаласа, онда туыстық қатынасты қолдасын» Бухари (5986) және Муслим (2557).

Әбу Хурайра: «Алланың Елшісі (с.ғ.с.) «Алла бүкіл әлемді жаратты және Ол бәрін аяқтаған кезде, туысқандық орнынан тұрады да былай дейді: «Бөліп-жарғаннан Сенің қорғауды іздейтін нәрсе тұрды»,  Алла айтады (мағынасының аудармасы): «Егер мен сені қолдайтындарға қамқорлық жасайтын болсам, және сенімен қатынасын үзгендермен үзсем риза боласың ба», Туысқандық: «Иә» дейді, Алла: «Онда сенің тілегің қабыл болды», дегенін» жеткізген. Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «қаласаңдар оқыңдар: Егер іс басына келетін болсаңдар, (немесе бет бұрсаңдар,) сендерден жер жүзінде бұзақылық істеу, жақындық байланысын үзу ғана үміт етілмей ме? Олар, Алла, лағынет етіп, саңырау және көздерін соқыр қылғандар. (47:22-23)
(Сахих Муслим би шарх Ан-Навави, 16:112) 
Егер отбасы туысқандық қатынастарды қолдайтын болса, онда бірінші кезекте – бұл ата-ана, содан кейін бауырлар, бұл оларға Алланың қалауымен игілікке айналады. Әрі бұл сіздердің балаларыңыз үшін жақсы үлгі болады, келешекте олар да сіздің ата-анамен қатынасты сақтағаныңыз сияқты, сізбен қатынасын сақтайды. 
Осы жерде балалары ата-аналарына жылына бір телефон соғатын/ келетін батыстық (америкалық) мәдениетті еске алуға болады, бұл олар үшін жақсы қатынас деп саналады. Мұны олардың фильмдерінен де көруге болады: жақсы ұлы анасына/әкесіне 2-5 жыл хабарсыз кеткеннен кейін телефон соғып тұрады. Немесе «Сен маған былтыр телефон соққан жоқсың ғой», деген сынды сөздер айтады. Ата-ана сіздің жылына бір телефон соққаныңызды күтуі керек пе?
Батыстық мәдениет бұзылғандықты үйретеді. Әкесі қызына теннис ойнауды үйретіп, артынан миллиондаған адамдар оның жартылай жалаңаш қызын тамашалап қарағаны туралы не айтуға болады, бұл еркектің рухани құндылығы туралы не айтуға болады.Мұндай мысалдар көптеп кездеседі, осыған алаңдаңыздар.

Немесе отбасындағы басшылықты әйел өз қолына алады. Батыс мәдениеті еркектермен әйелдердің құқығын теңестіреді, алайда жас баланың өзі олардың тең емес екенін біледі. Алла тағала еркек пен әйелді әртүрлі етіп жаратты және әрқайсысының өз игілігі бар. Әйелді еркекке бағынышты етті, ал еркекке әйелге қамқор болуын міндеттеді. Ал қазір ше, әйел «өз құқығын айтады» және оны дұрыс деп санайды, осы арқылы өз күйеуін басқа еркектердің алдында қорлайтынын ұмытып жатады. Ол сен «андайсың-мұндайсың», ал басқалар ондай емес деп басқаларды емес, күйеуін  қинайды.
Батыс фильмдерінің көпшілігінде әйелдер басты кейіпкер-көсем болып, еркектердің оларға ергеніне алданбаңыз. Бұл шындығында соңы жақсы аяқталмайтын адасушылық. Осы туралы ойланыңыз.
Сөз соңында бұл тек менің жеке пікірім екен және діни мәселелер бойынша мешіттердің имамдарынан және мамандардан сұрағандарың жөн екенін айтқым келеді.

Бірде-бір дамыған қоғам отбасын өзінің өзгеріп тұратын заңдарымен Алла тағала өз шариғатында қорғағандай қорғай алмақ емес. «Дамыған қоғам» Алланың шариғатынан адамдар қарауы және оның артықтығын байқауы мүмкін деп қорқады, сондықтан оны жасырады, негізінен қаралайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы