Сейсенбі, 12 Мамыр 2015   |   4140 рет оқылды

Әйелге жақсы қарым-қатынас көрсету

Алла тағала еркектерге: «... Сондай-ақ олармен жақсы шығысыңдар» (Ниса, 19-аят), -деп өз әйелдеріне қайырымды болып, олармен барынша жақсы  қарым-қатынас жасаңдар, деп дұрыс жол сілтеген. 

Алланың Елшісі (с.ғ.с.): Сендердің араларыңдағы діні аса кемелденген кісі - ол мінезі жақсы кісі. Сендердің іштеріңдегі ең жақсыларың - ол өз әйеліне жақсы қарайтындар», - деп айтқан.

Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) бізге ерінің әйеліне қатынасы оның жақсы мінезін көрсетеді, бұл өз кезегінде оның дінінің көрсеткіші болады, деп айтқан. Мұсылман – күйеу өз әйелімен қалай жақсы болуы мүмкін? Ол күліп жүруі, әйелінің көңіл-күйін бұзбауы, оған зиян тигізетін нәрселерді  алыстатуы, оған қамқор кейіппен қарауы және төзімділік көрсетуге тиіс.
Жақсы болуға жақсы қарым-қатынас та кіреді. Ері ашық-жарқын болуы, әйелін тыңдауы керек.  Кейде ері өзінің шаруаларынан дем алғысы келеді (мәселен, жұмысынан). Ері әйелінен оны не ашуландырып жүргенін сұрауды ұмытпауы қажет (мысалы, балалардың үй тапсырмасын орындамауы). Ері маңызды мәселелер туралы онымен өзінің немесе әйелінің ашулы, ренжулі немесе қарны аш кезінде сөйлеспеуі тиіс. Өзара түсіністік, ымыраға келу, мейірімділік  - некенің іргетасы. 
Жақсы күйеу болуға әйелінің қолдау білдіруі де кіреді. Әйелдің шын мәнінде бағалайтыны – ол  ең бастысын байқайтын шын жүректен шыққан таңданыс –

ең  маңызды таңданыс. Сондықтан күйеуі өз-өзінен әйелінің қай жағдайда өзін сенімсіз сезінетінін сұрауы және оған ұнайтын нәрсені табуы тиіс. Әйелдің әлсіз жері – ол мақтау. Күйеуі оған мақтауларды қаншалықты көп жасаса, ол мақтау әйеліне соншалықты ұнай түседі, мұндай жақсы әдеттен де көп пайда келетін болады. «Маған сенің ойлағаның ұнайды», «Саған мына көйлек жарасады», «Мен сенің даусыңды телефоннан естігенді ұнатамын», - деген сияқты жақсы сөздер әрқашан өз жемісін береді.

Адамдар кемшіліксіз емес. Алланың Елшісі (с.ғ.с.) былай деген: «Діндар адам діндар әйелді жек көрмеуі тиіс. Ол әйелдің мінезінің бір сипатын ұнатпаса да, басқа бір сипатына риза болады».

Күйеуі әйелінің бойынан бір қасиетін ұнатпағаны үшін әйелін жек көрмеуі керек, егер ол әйеліне мүмкіндік берсе, онда ол өзіне ұнайтын  қасиетті оның бойынан табатын болады. Ерінің өз әйелінің қай қасиетін ұнататын білудің бір амалы ол: оның бойынан өзі ұнататын қасиеттердің тізімін жасау. Мысалы ері әйелінің кір жуғанын жақсы бағалауы мүмкін, алайда әйелінің ойшылдығы  мінезінің негізгі сипаты болуы мүмкін. Ері  есіркегіштік, жомарттық, мейірімділік, діндарлық, шығармашылдық, сыпайылық, шыншылдық, құштарлық, белсенділік, нәзіктік, оптимисттік, адалдық, сенімділік, көңілді мінез және басқа да таңданыс тудыратын сипаттарын қарастыру керек. Ол осы тізімді жасау үшін өзіне біраз уақыт беруі тиіс. Ол бұл тізімді әсіресе әйелімен ұрысып қалғып, оны жақтырмай сәттерінде қарастыруы қажет. Бұл оған әйелінің жақсы қасиеттерін біліп, оны жақсы көруіне көмектеседі.

Сахабалардың бірі Алланың Елшісінен (с.ғ.с.) әйелдің күйеуіне қандай құқығы бар екенін сұрапты. Пайғамбар: «Өзің жеген нәрсемен оны тамақтандырсаң, өзің киінгендей киіндірсең және бетінен ұрмасаң. Оған зиян келтірмеңдер, оның қасынан табылыңдар»,  - деп жауап береді.
Отбасылық өмірде ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды, бұл әрине ызаны келтіреді. Ыза деген ең қиын басқарылатын эмоцияларға жатқанымен, оны басқарудың алғашқы қадамы өзіңді ренжіткен адамды кешіре білуді үйрену болып табылады. Ұрыс шыққан жағдайда күйеуі әйелімен сөйлесуін тоқтатпауы және әйелінің жанын жараламауы қажет, дегенмен ол  жағдайды түзейді деп тапса,   әйелімен бір төсекке жатқанын доғаруына болады. Қандай жағдай болған күнде де, ол қаншалықты ренжулі болғанымен, немесе өзінікі дұрыс деп есептегенімен, күйеуіне әйелінің жанын жаралап көңіліне қаяу түсіретін сөздер айтып дөрекілік көрсетуіне болмайды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы