Сейсенбі, 12 Мамыр 2015   |   3522 рет оқылды

Некенің берік болып қалуы үшін бірнеше құнды кеңестер

Отбасылық өмірдің бір қалыпты көріністерінен күйеуіңіз ығыр болды, сіз жыл өткен сайын оның өзіңізге немқұрайды қарап жүргенін және ешқандай да бағыныштылық пен діншілдіктің, қамқорлықтың құштарлық отын жақпайтынын, сіз оны әйел ретінде аса қызықтырмайтыныңызды сезесіз.

Қарым-қатынас тоқырауға төзбейді. Барлық құқықтар мен  міндеттер қатаң түрде сақталатын отбасыларының өзінде де қарым-қатынас дағдарысқа жақындап қалуы ықтимал. Жұбайлар тек қана шариғат қағидаттарын сақтап қана қалмауы керек, сол сияқты олар кертартпалық пен зерігуді болдырмау үшін үнемі некелеріне жан-жақтылық енгізіп, жұбайлық қарым-қатынасты дамыта білулері қажет.

Күнделікті күйбің тіршілік, романтиканың болмауы, тек қана қам жеу мен үйреншіліктілік қарым-қатынасқа теріс әсерін тигізері сөзсіз.

Ал енді сіз еріңіз екеуіңіз балаларсыз, жолдас-жорасыз, ата-аналарсыз соңғы рет қашан оңаша болғандарыңызды есіңізге түсіріңізші. Осы сұрақ сізді абдыратып қойса, демек жағдайды қалай түзету керектігін ойланатын кез келгені. Ерлі-зайыптылардың арасындағы берік қатынас пен сүйіспеншілік – бұл отбасылық үйлесімділіктің негізі. Тек қана бақытты неке жағдайында ғана балалардың бойына отбасылық өмір туралы дұрыс та салихалы түсінік қалыптасады. Сондықтан да жұбайлар бүкіл отбасылық ғұмырында сүйіспеншілік пен мейірімділік сақталып қалуы үшін қолдан келгенннің барлығын жасау қажет.

Неке ерінің де, әйелінің де үнемі инвестиция салғанын талап етеді. Некені берік етіп сақтау жолындағы ең маңызды салым – ол жұбайлардың уақытты жағымды етіп оңаша бірге өткізуі. Кертартпалықтың сезімді өшіріп тастамауы үшін, жұптардың сүйіспеншілік қатынасының маңызды құрамы  - ол тойдан кейінгі оңаша кездесу.

Егер сіз романтикалық қатынастарды жаңғыртқыңыз келсе, онда белгілі бір уақытқа бір күнді кездесуге арнаңыз. Бұл ешкім де, ешнәрсе де сізді сүйікті жұбайыңыздан алаңдата алмайтын  қасиетті сәт болуы қажет.

Содан кейін, кездесуге қайда бару керектігін шешу, сол күні жасайтын әрекеттеріңіздің жоспарын, екеуіңізге арналған мейрамды өткізудің идеясын ойластыру қажет. Мұндай «қашып кетіп тұруды» бірнеше ай сайын ұйымдастырып тұруға болады.

Бұл мейрамханадан түскі ас ішу де, қонақ үйде романтикалық түнді өткізу, табиғатқа шығу, шетелге бару да болуы мүмкін, яғни сізге не ұнайды және ойыңызға не келеді, ең тосын ойлар мен тілектерді іске асырыңыз, тек Ислам аясынан шығып кетпеңіз.

Ұзақ жылдар бірге тұрған және бірін-бірі өте жақсы білетін ерлі-зайыптылардың осындай сәттерде не туралы әңгіме айтуларына болады?  Тек күнделікті күйбең тіршілік туралы емес, балаларыңыз болмаған әрі екеуіңіз өз армандарыңызды, үміттеріңізді, ойларыңызды бірлесіп талқылаған сол баяғы кездерге оралыңыздар. Өз сыңарыңызды қайта таныңыз.

Осындай кездесулер сіздердің некелерңізді нығайтады, өмірлеріңізді жан-жақты етеді.

Шығыс данышпандарынан әйелдерге аз ғана кеңес – әйел  күйеуі үшін қызықты әрі аяулы болып қала беруі және өзіне және айналасындағыларға ұнай беруі үшін, әрбір қырық күн сайын іштей де, сырттай да өзгеріп отыруы тиіс.  

Еркектер  жеңіп тұрғанды ұнатады, ендеше ол жеңіске жете берсін әрі әрбір қырық күн сайын өз әйелін жаңа қырынан көре берсін.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы