Сейсенбі, 19 Мамыр 2015   |   5309 рет оқылды

Исламдағы бала құқығы

Бала құқығы ата-ананың міндетіне негізделеді. Балалардың құқығы туралы аз айтылған жоқ – Женевада шыққан заңдарда да, БҰҰ отырыстарында да, бір сөзбен айтқанда, бүкіл әлем балалар құқығын қорғау туралы айтады. Бірақ балалардың құқығын Ислам дініндей ешнәрсе қорғай алмайды. Бұл міндетті ең тамаша атқаратын тек  Ислам діні ғана.

Тәрбиелеу

Баланың ең басты құқықтарының бірі – бұл тәрбие, сондықтан, Құран Кәрім, хадистер мен Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Сүннеттері негізінде біз осы мәселені кеңінен талқылаймыз.

Ислам – баланы Алла тағаланың алдындағы құлшылық сезімінен туындайтын еркіндік рухында тәрбиелейтін дін. Жаратушыға бас иію рухында тәрбиеленген жастар әуесқойлық, нәпсіқұмарлық, ынтызарлық сезімдеріне тәуелді болмайды. Исламдағы балалардың құқығының мәні осында.

Кәмелет жасына жетпеген кейбір жас өспірімдер өздеріне жаза қолданылмайды деп есептеп, жасы үлкен кісілерді сыйламайды, қоғамдық тәртіпті сақтамайды, қылмыс жасайды. Ислам діні балалар құқығына парасатпен және әділ қарайды. Он сегіз жасқа дейін адамды бала деп есептейтін басқа заңдардан Исламның ерекшелігі осында. Ислам адамды жыныстық жетілген сәтінен бастап, Алла тағаланың алдында, сол сияқты ата-ананың, қоғамның алдында да жасаған әрекеттері үшін жауапты етеді. Осы сәттен бастап, адам өз мүлкінің қожайыны болып саналып, өз ісін өзі жүргізе алатын толық қанды ересек адам ретінде саналады.

Ислам балалардың құқығын олар дүниеге келмей тұрып-ақ қорғайды, себебі Ислам некелесуді ойлаған жастарды болашақ жарын таңдаған сәтте-ақ, өз ұрпағы жөнінде ойлануға шақырады.  Бұл сол жас жігіттің жар таңдап тұрып, ол қыздың оған тек қана әйел болып қалмайтынын, сонымен қатар оның балаларының анасы болатынын және өзінің басты уақытын сол балалардың тәрбиесіне арнайтындығын ұмытпауы тиіс деп түсіндіріледі.  Дәл осы мәселе қыздарға да қатысты, болашақ жолдасын таңдаған кезде, ол оның тек ері ғана  емес, сол сияқты оның балаларының әкесі де болатынын есте сақтауы қажет.

Осылайша, Алла тағаланың діні балалар тәрбиесі туралы некеге тұрмай тұрып-ақ ойлануға шақырады. Бірде ұлы әкесінен: «Сен мені қашан тәрбиелей бастадың?» - деп сұрайды. Әкесі баласының сұрағына оның анасына үйленбей тұрып, сенің тәрбиеңмен айналыстым деп жауап береді. Расында, егер  қыз бала өзіне Алланың дініне сенімі жоқ немесе өз діни міндеттеріне  байыпты қарамайтын күнәһар адамды таңдаған болса, онда ол сол күйеуінің балаларының тәрбиесіне де аса көңіл бөлмейтін болатындығын білуі керек. Болашақ жарының адамгершілігіне, Жаратушыға құлшылығына емес, сыртқы сұлулығына көп көңіл бөлетін жігіттер де, мұндай әйелдің балаларына тиісті тәрбиені беретін, бермейтіндігін ойлануы қажет. Келешек ұрпақтың тәрбиесіне, өзіміздің балаларымыздың тәрбиесіне жауапкершілік туралы Алла Қасиетті Құранда былай деген: «Әй мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар», (Тахрим сүресі, 6-аят). Біз тек өзіміз үшін ғана емес, әйелдеріміз бен балаларымыз үшін де жауапты боламыз.

Жұбайлық борыш

Некеге тұрғаннан кейін, Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті бала көтерудің өзін де Жаратушыны түсіну арқылы жасауға шақырады. Тән сезіміне жауап бере отырып, жұбайлық борышты орындаған сайын, Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) үйреткен төмендегі: «О, Алла, бізден шайтанды алыстат, бізге сыйлайтын нәрестеден де шайтанды алыстат»- сөздерді айтқан дұрыс. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Егер олардың пешенелеріне бала туу жазылған болса, онда ол бала шайтан қорғалады»- дейді. Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) Сүннеті жұбайлық борышты орындамай тұрып-ақ, ерлі-зайыптылардың келешек ұрпағын Алланы еске ала отырып ойлауға мәжбүрлейді.

Қиямет күнінің суреттелген сұмдықтарында балалары ата-анасына ұмтылып: «О, Алла, оны жазала, менің құқықтарымды одан алып бер! » - деп айқайлайды. Сол кезде осы баланың әкесі үрейленіп: «О, ұлым, балам менің, мен сені қалайша ренжіттім?» - деп сұрайды. Баласы: «Сен менің тыйым салынған нәрсені жасап жатқанымды біле тұра мені тоқтатпадың ғой!» - деп жауап береді. Егер ата-анасы балаларының тәрбиесіне кішкентай күнінен көңіл бөліп, бірақ Алланың жазуымен олардың балалары адасушылыққа түсетін болса, ата-анасы қорықпай-ақ қойса да болады.

Мәселен, қасиетті Рамазан айында, барлық ақыл-есі дұрыс және жыныстық жетілген адам ораза ұстауы қажет. Ауыз бекіту аяғы ауыр әйелдің немесе келешек баланың денсаулығына қандай-да бір қауіп келтіретін болса, онда ол әйел ораза ұстаудан босатылады. Алла тағала балалардың құқығын анасының  Жаратушының алдында орындайтын міндеттерінің өзін уақытша тоқтатып  осылайша қорғайды.

Азан мен икамат оқу

Бала туылғаннан кейін ең әуелі орындалуы тиіс Мұхаммед Пайғамбардың маңызды сүннеті - ол жаңа туылған сәбидің ең бірінші еститін сөздері ол азан мен икамат болуы керек. Өкінішке орай, анасының перзентханада жататындығына орай, көпшілік осы маңызды сүннетті орындамайды. Сәби дүниеге келе салысымен, оның алғашқы еститін сөзі намазға шақыратын азан мен икамат болу үшін, әкесі соларды оқу үшін жақын жерде болғаны дұрыс. Бұл үшін имамды күтудің қажеті жоқ. Себебі, сүннеттің мақсаты: жаңа туған сәбидің бірінші еститін сөзі - ол намазға шақыратын сөздердің болуы ғана. Бұл үшін Алланың берер сауабы зор.

Тамақтандыру

Бала перзентханада болған кезде оны басқа әйел бірнеше рет емізген болуы да мүмкін. Ислам мұндай жағдайды әкесіне міндетті түрде хабарлау керек екендігін міндеттейді. Мұның міндетті болуының себебі: егер әйел әртүрлі екі баланы бір рет емес, бес рет емізген болса, онда ол балалар сүт бауыр болып саналады. Сүт бауыр мен туған бауыр теңдей болып саналады. Сондықтан ата-аналары да, олардың балалары да өзінің сүт бауырын білулері қажет.Себебі, бұған қатысты қатаң қағида бар. Яғни сүт бауырлардың бір-біріне үйленулеріне тыйым салынған, әрі ондай неке заңды деп саналмайды. Сондықтан, аналар бұл мәселеге өте сақ қарауы тиіс, сол сияқты перзентхананың басшылары да Ислам қағидаттарын сақтап, кейбір перзентханаларда етек алғандай, босанған аналардың сүттерін араластырып, әртүрлі балаларға берілуіне жол бермеуі қажет.

Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) маңызды сүннеті бойынша жаңа туған баланың алғашқы еститін сөзі азан мен икамат болуы керек.

Тахник

Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) орындалуы тиіс келесі сүннеті – ол мұсылман адамдардың бірі құрманың жұмсақ етін алып, оны шайнап, содан кейін саусақтың ұшымен оны баланың таңдайына тигізіп аузына салуы керек. Мұндай жораны Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) өзі де және оның сахабалары да жасаған. Бізде осы сүннетті жіберіп алмауымыз қажет.

Есім

На седьмой день после рождения ребёнка долгом родителей является дать красивое, с наилучшим значением, благозвучное имя. В категорию таких имён входят имена Пророка (да благословит его Аллах и приветствует): Мухаммад, Ахмад и т.д. Также особенно приветствуются имена, в которых звучит «раб Аллаха» - Абдулла, Абдурахман и т.д. Пророк (да благословит его Аллах и приветствует) сказал: «В Судный день вас будут призывать по вашим именам и по именам ваших родителей, вы давайте только красивые имена», таким образом, очень важно, чтобы имена были красивыми, исламскими. Однажды некий человек подошёл к Умару ибн Хаттабу (да будет доволен им Аллах) с жалобами на собственного сына. Умар ибн Хаттаб (да будет доволен им Аллах) спросил его: «Как зовут твоего сына?», тот человек назвал очень некрасивое имя, на что Умар (да будет доволен им Аллах) ответил: «Ты в своё время провинился перед ним, назвав некрасивым именем, а теперь он не выполняет своего долга перед тобой».

Ата-аналар бала туылғаннан кейін жетінші күні оған әдемі, мағынасы жақсы, жағымды есім беруі керек. Мұндай есімдердің қатарына Пайғамбардың (с.ғ.с.): Мұхаммед, Ахмед сынды есімдері жатады. Сол сияқты «Алланың құлы» дегенді білдіретін  - Абдулла, Әбдірахман және т.б. есімдер құпталады.   Пайғамбар (с.ғ.с.): «Қиямет күні сізді өз атыңызбен және сіздің ата-анаңыздың атымен шақырады, сіз тек әдемі есімдерді беріңіз» -деп айтқан, осылайша, есімдердің әдемі, әрі ислами болғаны өте маңызды. Бірде Омар ибн Хаттабқа (Алла оған разы болсын) бір кісі келіп, өз баласына шағым жасайды. Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын): «Балаңның аты кім еді?» -деп сұрайды. Ол кісі баласына нашар ат берген екен. Оған Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын): «Кезінде балаңа нашар есім беріп өзің кінәлі болғансың, сондықтан, ол қазір сенің алдыңдағы парызын орындамайды» - дейді. 

Ақиқа

Ата-ананың келесі міндеті – бұл ақиқа (құрбандыққа мал шалу). Қыз туылған кезде құрбандыққа бір саулық, ұл туылса құрбандыққа екі саулық сойылады. Егер құрбандыққа екі саулықты шалуға мүмкіндік болмаса,сүннетті орындау үшін, ең құрығанда біреуін шалу керек. Құрбандыққа шалынатын малға қойылатын талап Құрбан айт мейрамында шалынатын малға қойылатын талаппен бірдей. Етті мүшелеп бөліп асқан дұрыс, осы тұста ескеретін нәрсе: малдың сүйегін шаппау керек, себебі, ол Жаратушының баланың денсаулығын сақтайтындығының символы. Етті асып, ол етті туған-туысқа, жақындарға, таныстарға, көршілерге және т.б. беру керек. Кейбіреулар біреулерге солар істесін деп ақша бере салып, осы жоралғыдан оңай құтылуға тырысады. Бірақ бұл жоралғыға маңызды тәрбиелік мән беру керек. Егер үйде малды құрбандыққа шалуға мүмкіндік болмаса, оны жағдай бар жерде орындау қажет. Осы арқылы біз өзімізге Алланың жасаған сыйына деген қуанышымыз бен алғысымызды білдіреміз. Келесі парыз- жас туған сәбидің шашын алу, себебі бұл да Пайғамбардың (с.ғ.с.) маңызды сүннеті болып табылады. Кез-келген сүннеттің мәңгілік өмір үшін ғана пайда әкеліп қоймайтыны, сол сияқты осы дүниеде де пайдалы екені құпия емес, өйткені, сүннет біз үшін шапағат болып саналады. Шашты алып болғаннан кейін, сол шаштың салмағына тең алтынның құнын ақшалай садақа ретінде тарату қажет.

Бала тәрбиесіндегі маңызды сәттер

Келесі парыз –ол сүндеттету. Бала туылғаннан кейін, жетінші күннен бастап осы сүннетті орындай беруге болады.

Баланың дамуын бақылай отырып, оның алғашқы айтатын сөзі Жаратушының аты болуын қадағалау керек, ол үшін балаға үнемі Алла тағаланы айтып отыру керек. Содан кейін, балаға «Бисмилля!» тіркесін айтуды біртіндеп үйрету қажет, бұл тіркестің құрамында баланың айтуына қиыншылық тудыратын әріп жоқ, осы тіркесті, әсіресе, Жаратушының есімі Алланы айту балаларға өте оңай. Осы тіркесті және Жаратушының есімін айту өте қалаулы іс, себебі оларда шексіз игілік бар, біртіндеп өсіп келе жатқан адам осы сөздерді айту арқылы ол сөздердің берекесін алады. Осы сөздер оның өмірінде де, әрі оның келешектегі тәрбиесінде де маңызды рөл атқарады деген үміт бар. Сондықтан, балаларға «мама», «папа» және т.б. сөздерді айтуды үйретуге асығудың қажеттілігі жоқ. «Бисмилля»тіркесін айтуды үйреткеннен кейін, «Альхамду лиллях!», «Аллаху акбар!», «Бисмилляхи р-раlмани р-рахим»тіркестерін айтуды үйрету қажет.

Сол сияқты, балаға нені көріп , нені көрмеу керектігін, нені тыңдауға болатынын, неге тыйым салынғандығын, дененің қай жерлерін адамдардан жасыру керектігін үйрету қажет. Бұл істе ең өнегелі мысал ата-ананың өздері бола алады. Егер бала ата-анасының намазды жібермей оқитындығының куәсі болатын болса, ол бала еңбектеп жүрген кезінен-ақ ата-анасына еліктеп жайнамазға ұмтылатын болады. Балаларға ең жақсы тәрбие ол еліктеуге лайық жақсы өнегелер көрсету. Міне сондықтан балалардың көзінше аузыңыздан жаман сөз, әсіресе, балағат сөздерінің шықпауын қадағалауыңыз тиіс. Әсіресе,  әкелерінің балаларының көзінше өте көргенсіздік сөздерін өте көп қолданатыны жиі кездесіп жатады. Осыдан кейін балалардан не күтуге болады? Балалардың тәрбиесіне тағы теріс әсер беретін нәрсе – ол теледидар, міне осының пайдасына қарағанда зияны көп. Сондықтан, балаларды теледидардан алшақ ұстаған дұрыс, себебі, теледидардан баланың көргендері оның жанына өшпейтін із қалдырады. «Мұның жасында бала не түсінер дейсің» -деп адаспау керек, себебі зиян бәріне бірдей таралады, ал теледидар балаларға, үлкендерге қарағанда көп зиян әкеледі.

Балалар есейген кезде, оларды дер кезінде некелестіру қажет. Зинақорлықтың көпшілігі жігіттердің 27 жасқа дейін және одан әрі де үйленбей бойдақ жүруінен шығады. Жастар шамамен жиырма жасында үйленуі керек, некені кейінге қалдыруды талап ететін кез-келген дәстүрге қараудың еш қажеті жоқ. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Қызыңызды айттырып келген адамның діни ұстанымы мен адамгершілігі сіздің көңіліңізден шығатын болса, онда оған қызыңызды беріңіз. Егер бұлай ісетмесеңіз, қоғамда үлкен дау-дамай туындайды» - деп айтқан.  Біз өз балаларымыздың тәрбиесіне, оларға Ислам дінін үйретуге зор ықыласпен қарауымыз керек.  Себебі балалар ата-анасына олар қайтыс болғаннан кейін де, пайда келтіретіндердің санатына жатады. Дұрыс тәрбие алған бала қолын жайып: «О, Алла, менің ата-анамның күнәларын кешіре гөр» -деп жалбарынатын болады, бұған ешнәрсе тең келмейді. Ұлдың ата-ана үшін осылай жалбарынуы оларға үлкен көмек болады.

Алла тағала біздің балаларымызды теріс әсерлерден, жаман тәрбиеден сақтасын, және оларды біз үшін екі дүниеде де үлкен игілік етсін! Аумин! 

Автор: Абдурахман Алиев

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы