Сейсенбі, 02 Маусым 2015   |   6401 рет оқылды

Ерлі-зайыптылардың психологиялық үйлесімділігі. Бұл мүмкін бе?

Отбасы. Бұл сөздің біздің әрқайсымыз үшін өзіндік мағынасы бар, бұл сөзбен көп нәрселерді байланыстырамыз. Біреулер осы сөзді естігенде өзінің жақындарын, туысқан адамдарын көз алдына жылы елестеді. Алайда, өкінішке орай, осы сөз кейбіреулердің көз алдына ауруды, түңілуді, жалпы өмірдің сұрғылт бейнелерін  елестететін кездер де бар. Неге бұлай болды, мұндай жағдайға не әкелді?

Отбасының қиыншылықтары сараптау үшін ғана емес, сол сияқты жәй ғана суреттеп беру үшін де көп қырлы және күрделі. Мен өз пайымдауларымды кеңейте бермей, тек қана өзім маңызды деп санайтын ерлі-зайыптылардың үйлесімділігіне тоқталғым келеді.

Егер психологияда әңгіме үйлесімділік туралы болатын болса, онда бұл арқылы ұқсас болу, сонымен қатар бірдей болу деп  түсінуге болмайды. Әңгіме қандай да бір  мақсаттардың, көзқарастардың, мұраттардың  арақатынастылығы сияқты сипаттар жөнінде болады. Психологиялық үйлесімділік – бұл негізінен біреуінің пікіріне екіншісінің қарама-қайшы келмеуі, олардың бірін-бірі толықтырып отыруы және үмітінің сәйкес келуі.

Темпераменттің төрт түрі белгілі: холерик, сангвиник, меланхолик және флегматик (темпераменттің саны алпыс төртке дейін жететін басқа классификация түрлері бар). Бұлардың әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ерекшеленді және осы темпераментті иеленушілер де бір-бірінен ерекшеленеді. Бұл темпераменттердің ешқайсысы таза бір адамының басында кезедесе бермейді, мұндай бөлу шартты ғана, дегенмен, адамның бойында олардың біреуінің психологиялық ерекшеліктері басым болары сөзсіз. Егер оларды психологиялық үйлесімділік дәрежесіне қарай бөлетін болсақ, онда біз мынаны көреміз.

Екі сангвиник бір-бірімен жақсы үйлеседі (ширақ, белсенді, негізінен көңілді, жатырқамайтын), олар бір-бірінің белсенділігін, оптимистігін қолдап отырады. Екі флегматик те (байсалды, салмақты, томаға-тұйық, шабан) әрекеттерінің қарқыны асықпай өзара әрекет етуге мүмкіндік беретіндіктен бір-біріне үйлеседі. Ал екі меланхолик бір-бірімен үйлесе бермейді, өйткені олар жылдам ренжиді. Сол сияқты ашуланшықтығына және қызбалығына байланысты екі холерик те бір-біріне үйлесе бермейді.

Әдетте қызба холерик пен сыңарының әсерленгіштігін, әрі қызбалылығын тежеп отыратын,  шабан қимылды флегматик бір-бірімен жақсы үйлеседі. Бұл қайшы келетін темпераменттердің бір-бірін толықтырып тұратын психологиялық үйлесімділігінің мысалы. Дегенмен, іс жүзінде бәрі осылай оңай бола бермейді, бір-біріне сай келетін екі темпераменттің бір-бірімен сыйыспай жататын жағдайы жиі кездеседі немесе керісінше бір-біріне үйлеспейтін екі темпераменттің адамдары тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетіп жатады. Неге бұлай болып отыр? Мұның жауабы адам мінезінің құрылымының күрделілігінде, дүние танымында  жатыр, оның құндылық бағыты жүйесінде жатыр. Дәл осы құндылық  жүйесі ауызбірлік пен үйлесімділікті анықтау тәсілінің басты факторы болып табылады.

Ерлі-зайыптылардың  екеуінде де өзіндік сана-сезімнің осы саласында, ғылыми тілмен айтқанда - арақатынастылықтың жоғарғы коэффициенті, ұқсастықтың жоғары болуы өте маңызды. 

Қазіргі психологияда осы коэффициентті есептеуге мүмкіндік беретін тәсілдердің арсеналы жеткілікті. Академиялық психологияның шытырманына кірмей-ақ қоямыз, үйлесімділіктің деңгейін деректерге қарап анықтауға тырысамыз. Мәселе мынада, құндылық бағыты жүйесі (нақты бір адам ұстанатын рухани құндылықтар) сатылы құрылымға ие, яғни адам үшін кейбір құндылықтар өте маңызды, әрі ол оны бірінші орынға қояды, қалғандары оған не бағынышты, не болмаса оны мүлде мойындамайды.

Барлық мәселе мынада, отбасының бір мүшесі үшін басты болып саналатын қандай-да бір моральды принцип, екінші мүше үшін басты болып табылмауы мүмкін. Осы айырмашылқтар, жиһаз таңдаудан бастап жоғарғы моральдық идеяларға дейінгі,   отбасылық өмірдің барлық саласына қатысты. Дегенмен айырмашылық киімге және жиһазға қатысты талғамға қатысты болатын болса, онда ол ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына аса әсер етпейді, ал айырмашылық діни, құлықтық және  моральдық көзқарастарында болатын болса, онда ол олардың қарым-қатынасына теріс әсер етері анық. Міне осы себепке байланысты ерлі-зайыптылардың бір мәдениеттен болғаны және өмірге деген көзқарастары ұқсас болғаны маңызды. Алайда әртүрлі мәдениетке жататын адамдардың бірін-бірі жақсы көріп, бірге болғысы келетін жағдайлары көп кездеседі. Иә, махаббат – көп нәрсені өзгерте алатын зор күш, бірақ әртүрлі көзқарасқа негізделген ұсақ-түйек ұрыс-керістер оны өлтіруі ықтимал.

Ерлі-зайыптылардың бір-бірінен не күтетіні туралы өз рөлдерін түсінуі де маңызды болып табылады. Отбасының әрбір мүшесі өзін қалай ұстауы керек деген мәселе бойынша кез-келген адамның өз түсінігі бар екенін практика көрсетіп отыр. Отбасын құрған кезде, ері немесе әйелі өзінің алған тәрбиесіне және отбасылық қатынастың ортақ тұжырымдамасына сай өз тәртібін орната бастайды. Сонымен бірге ерлі-зайыптылардың әрқайсысы екінші тараптан белгілі бір әркетті күтеді және күткен нәрсесі орындалмаса, нәтижесі қынжыларлық болуы мүмкін. Міне біз мұны ақталмаған үміт деп жиі атап жатамыз. Өйткені отбасылық бақыт туралы арман – бұл ері немесе әйелі мынандай болса деген үміт емес пе. Кім болса да өзінің екінші жартысы қалай әрекет ететінін армандайды.    

Отбасылармен жүргізілген жұмыс, қиыншылықтың көпшілігі ерлі-зайыптылар өздерінің әрекеті олардан екінші тараптың күткеніне қаншалықты сай келіп жатыр деген мәселені аса ойлай бермейтіндігінен шығып жататынын көрсетті. Күткені ақталмаған отбасларының көпшілігі осы әртүрлі көзқарасты талқылауға бағытталған екі жақты диалогқа дайын еместігі – бұл тағы бір қиыншылық. Олардың көпшілігі екінші тарап түзеледі, деп күткенді дұрыс көреді, ал екінші тарап ешқанадай да қиындық жоқ, бәрі тамаша деген оймен жүре береді. Бұл жағдай ерлі-зайыптылардың арасында бір-біріне сенім болмаған кезінде болады, яғни отбасының бір мүшесі өзінің сөздерін басқасы дұрыс түсініп қабылдайтынына және өзіне қарсы қолданбайтынына сенбеген кезде болады.

Жалпы, психологиялық үйлесімділік тақырыбына қайта орала отырып, ол өздігінен пайда болуы да, болмауы да мүмкін  екендігін атап өту керек; көп нәрсе отбасылық қатынас неден басталғанына, отбасы қандай жағдайда пайда болғанына байланысты. Алайда психологиялық үйлесімділіктің болмауы, оған қол жеткізуге болмайды деген сөз емес -  бәрі берік, мықты отбасын құруға деген екі жақтың тілегіне байланысты.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы