Бейсенбі, 13 Қараша 2014   |   5007 рет оқылды

Серіктестік босануға күйеуінің қатысқаны шариғатта дұрыс па?

Кейде естіп жатам, әйелі босанғанда күйеуі де қатысып жатады екен. Исламда бұған қалай қарайды? Меніңше ер кісінің қатыспағаны жақсы сияқты. Сіздер қалай ойлайсыздар? Мақсат.


 

Қадірменді Мақсат,  "серіктестік босануға күйеуінің қатысуы шариғатта күнә ма?" деп сұрап отырған болсаңыз, ол нәрсе шариғат тұрғысынан қарағанда күнә емес. 

Бірақ, ер кісінің сол сәттегі әйелінің қиналысын көріп, психологиялық күйзеліске түсуі мүмкін екендігін де ұмытпаған жөн.  Деректерге сүйенсек, бұл тақырыпта бірнеше зерттеу жұмыстарын жүргізген британдық ғалымдар «серіктестік босануға» қатысу ер азаматтың денсаулығына үлкен зиян келтіруі мүмкін» деп отыр. Әйелдері босанған кезде қасында болған ерлер арасында сауалнама жүргізген британдық мамандар босану процесіне кірген   еркек психологиялық күйзеліске душар болатынын анықтаған[1]. Енді біреулер «серіктестік босану еркектің әкелік жауапкершілігін арттырады» дегенге сенеді[2].  Сондықтан бұл мәселеде ерлі-зайыптылар өзара ақылдасып, дәрігермен кеңескендері абзал.

[1] http://baq.kz/
[2]http://www.aktobegazeti.kz/

Абдусамат Қасым
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы