Дүйсенбі, 06 Қараша 2017   |   198 рет оқылды

«УАҚЫП» ҚОРЫ 205 АУЫЛ МОЛДАСЫНА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

«Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынған тізімі бойынша, ең алғаш рет өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын ауыл мешіттеріндегі молдаларға, ұстаздарға қайырымдылық көмек көрсетті.

Қажеттілікке орай ай-сайын берілетін қайырымдылық көмектің орташа мөлшері – 50-60 мың теңге.

«Бұл игі бастама ҚМДБ-ның сапалы дін кадрларын даярлау жұмыстарына, ауыл мешіттерінің қызметін жандандыруға, аудан орталығынан шалғайда жатқан өңірлердегі құлшылық үйлерін дін қызметкерлерімен қамтамасыз етуге үлкен серпін береді деп есептеймін. «Уақып» қорының бұл қамқорлығы имам-молдалардың әлеуметтік мәселесін шешуге оң ықпал етеді деп санаймын. Бұдан былай жалақы алатын молдадан сапалы жұмыс нәтижесін талап ететін боламыз», – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Айта кетейік, елімізде 2563 мешіт бар. Оның басым бөлігі елді-мекендерде орналасқан. Ал республика бойынша 3800 дін қызметкері жұмыс істейді.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы