Сенбі, 24 Ақпан 2018   |   249 рет оқылды

Алдағы міндеттер мен мақсаттар нақтыланды

Имамдық қызмет – жауапкершілігі зор қызмет. Себебі адамның ең басты байлығы – оның иманы. Жамағат пен жұртшылыққа имандылық дәнін сеуіп, діннің қанат жаюына бірден бір септігі тиер тұлға да осы имам.

Осы қызметтің жүгін арқалап, Сыр еліне тағайындалған өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы жұмысына кірісіп кетті.

Ең алдымен ол ұжым қызметкерлерімен танысып, өздеріне тиесілі лауазымдық нұсқаулығы бойынша атқаратын міндеттерін талқылады.

Б.Әбуов жиын барысында қызметкерлерге: «Облыстың діни ахуалының тұрақты болуы, жастардың жат ағымдардың жетегінде кетпеуі, Ислам дініне адал қызмет ету біздің міндетіміз» - деп атап өтті. Сондай-ақ, ұйымдастырылатын қайырымдылық шараларын күшейтіп, жамағатпен жасалар жұмыстың қарқынды болуын тапсырды.

Сонымен қатар, алдағы жоспар бойынша орталық мешітте білімді, білікті ұстаздар жүйелі түрде сабақ беретін болады.

Бұл өкіл имамның жұмыс жоспарының бір бөлігі ғана. Бұдан бөлек әйелдер-қыздар секторымен жұмыс, жамағат үшін кітапхананың қолжетімді болуы, өкілдік жанынан ақсақалдар алқасын құру секілді жобаларымен бөлісті.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы