Бейсенбі, 05 Сәуір 2018   |   234 рет оқылды

НАИБ МҮФТИ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖАНТ ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің ұйымдастыруымен өңірлердегі ЖАНТ (Жергілікті ақпараттық насихат тобы) жетекшілерінің басын қосқан алқалы жиын болып өтті. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен жиынға ҚМДБ «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы мен Астана қаласының өкіл имамы Асқар Мұқанов және ҚМДБ өкілдіктеріндегі жергілікті ақпарат насихат тобының жетекшілері (ЖАНТ) қатысты. Жиын аясында ЖАНТ тарапынан атқарылған жұмыстарға шолу жасалып, жаңа жоспар талқыланды.

Наиб мүфти баяндамасымен басталған жиналыс аясында ЖАНТ жұмысының бағыттары талқыланып, теріс ағымға қарсы жас ұрпақ бойында «иман иммунитетін» қалыптастыру жолдары қарастырылды. Еліміздің әр өңіріндегі жұмыс жүргізу ерекшеліктері де ескерліп, мамандар өзара тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, мектеп, колледж оқушылары мен университет студенттеріне арналған бағдарлама жоспары ұсынылып, ЖАНТ мүшелері тарапынан бірауыздан қабылданды.

ЖАНТ мүшелері арасында республика бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылған алқалы жиын бірқатар жағымды нәтижелермен аяқталды. Мамандар арасындағы тәжірибе алмасу үрдісін қалыптастырып, теріс ағымдармен күрес жұмыстарының ортақ базасын орнатуға бағыттаған бұндай жиындар енді жиі ұйымдастырылып тұратын болмақ.

 muslim.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы