Сәрсенбі, 11 Желтоқсан 2013   |   248 рет оқылды

Құқығын білген қор болмас

 Бүгiнгi күнi барлық атқарылар жұмыстар тек заң жүзiнде ғана iске асырылады. Заңсыз жұмыс жасағандар өздерiнiң жасаған iсiнiң тек зардабын ғана тартады. Осыған орай кез келген адамның өзiне қатысты және өзiне қажеттi заңдарды бiлгенi абзал. Аудан әкiмi ғимаратының мәжiлiс залында желтоқсан айының 6 күнi Қызылорда облысының еңбектi бақылау саласындағы басқармасы, облыстық кәсiпкерлер кеңесi, Қызылорда облысының "Кәсiпкерлер Ұлттық Палатасының" ұйымдастыруымен "Еңбек қарым-қатынасындағы дауларды шешу" атты семинар болып өттi. Семинарға мекеме, ұйым басшылары, ауыл әкiмдерi, заңгерлер қатысса, семинарды аудан әкiмiнiң орынбасары Болат Ысмағұлов жүргiзiп отырды. Қызылорда облысының Еңбектi бақылау басқармасының бөлiм басшысы Ж.Ақбергенова "ҚР еңбек Кодексi -жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарау заңдылықтары" туралы баяндамасын жасап, қатысушылардың барлығына қатысты заңдар туралы хабардар еттi. Одан соң, облыстық кәсiподақтар кеңесi заңгерi Салтанат Нұржанова "Еңбек дауының алдын алу және оны реттеу", "Еңбек дауын -медиация жолымен шешу" жайында баяндамасын жасады. Еңбек дауы және оны шешудiң жолдары, тәжiрибелiк материалдарды аудандық прокуратура өкiлi Б.Жаңадилов, прокурордың аға көмекшiсiмен бiрге Арман Бимағанбетов аймақтық кәсiпкерлiк палатасы директорының орынбасары жұртшылыққа ұсынды. Семинар барысында қауiпсiз еңбек жағдайларын жасау, қызметкерлердi оқытуды өткiзу, жеке қорғану құралдарын пайдалану, жұмысқа қабылдау және еңбек шартын жасау, еңбек шарттарын бұзу және өтемақы төлеу, еңбек дауларын шешу, ұжымдық шарттар жасау, қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң құқықтары мен мiндеттерi туралы жиылған қауым өздерiне тиiмдi, әрi пайдалы заңдармен таныс болды. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға тиянақты жауаптар қайтарылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы