Дүйсенбі, 06 Қаңтар 2014   |   333 рет оқылды

Жылдар тоғысында кеуделерi жарқырады

 

Жаңа жыл қарсаңында аудандық бiлiм бөлiмi, бiлiм қызметкерлерi кәсiподағының ұйымдастыруымен оқытушылар мен тәрбиешiлердiң қатысуымен жаңа жылдық "Көгiлдiр от" кешi болып өттi. Кеште ән айтылып, би биленiп, түрлi ойындар ұйымдастырылды, лотерея билеттерi ойналды. Жаңа жыл алдындағы кеш барысында бiлiм мекемелерiндегi алғашқы әскери дайындық пәнiнiң 20 ұстаздары "ҚР-сы Қарулы күштерiне 20 жыл" төсбелгiсiмен марапатталды. Олардың сапында капитандар: Пазылбек Оспанов, Мұратбек Оспанов, Ералы Оңғаров, Әбсаттар Арыстанов, аға лейтенант Хабибулла Әлiмбетов, Көреген Үсенов, Әдiлхан Сәрсенбаев, Есен Асылхан, лейтенант Жеңiс Шохаев, старшина Әуелбек Қыпшақбаев, аға сержанттар Талғат Ахметов, Серiкбай Сейтенов, Әбдiхалық Қойшыбайұлы, Серiкбай Дәрiбаев, Азамат Ерназаров, сержант Асылхан Баубеков, Хамаш Кенжебеков, Қайрат Ысқақов, кiшi сержант Аймахан Сәрсенов, Мақсұт Мұхтаров болса, осы күнi №219 Ы.Алтынсарин мектебiнiң директоры Берiмбет Қалдыбек, "Ы.Алтынсарин" төсбелгiсiмен марапатталды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы