Бейсенбі, 23 Қаңтар 2014   |   142 рет оқылды

Бiз дарынды балаларды қолдаймыз

 

Жаңа 2014 жыл Шиелi аудандық балалар әуез мектебi үшiн мектеп оқушыларының жаңа жыл қарсаңында тапсырған сынақ концертiнде үздiк өнер көрсеткен оқушылардың қорытынды концертiмен басталды. Орындау шеберлiктерi жоғары оқушылар, ата-аналар мен мұғалiмдер және сыныптастарының алдында өз шеберлiктерiн паш еттi. Концерттiк бағдарлама түрлi аспаптардан ойнайтын оқушылар мен әншi-бишiлерiмiздiң түрлi жанрдағы шығармаларымен ерекшелендi. Бала би ауылынан келген домбырашылар ансамблi, домбырашылар: Н.Қаражанов, Н.Рысдәулет, А.Дарханқызы, С.Қаппарова, С.Асылбек, А.Ихатайқызы домбыраның құдiретiн танытса, баяншылар: Н.Ережепова, аккордионшылар: Г.Добрина, В.Владимерцев, күйсандықта: Д.Романқұл, Қ.Нәсiпбек, гитарашы: Н.Чеганова, әншiлер: Қ.Бақытқызы, Ә.Шұғыла, Р.Бақытұлы, А.Жақыпбар, қобызшы М.Иманмадиева, "Ақжелкен" би тобы жаңа қырларымен танылды. Концерт соңында оқушылар мен жетекшi ұстаздары: Фарида Ибадуллаева, Б.Томаева, Н.Айдаралиева, А.Мұсабаева,Н.Мизамбаев, Д.Нұрмышева, Ә.Пармышева, Е.Добрина, А.Сүлейменова, М.Жылқыбаева, Г.Сыздықова, Г.Джунаева, Ұ.Жұманазарова, Г.Әбдiразақова, Г.Есетова, Қ.Бимұрзаева, Д.Беркiнбаев, Д.Абатұлы оқушыларымен бiрге мектеп директоры А.Алтынбековтың қолынан Алғыс хатпен марапатталды. Концерттi ұйымдастырушы Н.Мизамбаев үздiк оқушылар мен оларды шыңдаушы мұғалiмдерi мен ата-аналарына рахметiн айтып,- "Бiз дарынды балаларды қолдаймыз" тақырыбындағы концерт болашақта да жалғасын табады, - деп қош айтысты.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы