Сейсенбі, 28 Қаңтар 2014   |   123 рет оқылды

Ақмаялық боксшылардың жеңiсi

 

Жуырда Жаңақорған ауданында жасөспiрiмдер арасында бокстан облыстық турнир өткен болатын. Аталмыш турнирде бақ сынаған Ақмая ауылының жеткiншiктерi айды аспаннан бiрақ шығарды. Байдулла Жасұлан қарсылас шыдатпай турнирдiң жеңiмпазы атанып, алтын медальға қол жеткiздi. Осы жарысқа барған Әлiбеков Құдайберген, Егiзбаев Жандос, Әшiрапбаев Қанағат сынды балғын балалар өздерiнiң мықты екендiктерiн танытып, екiншi орыннан көрiнсе, Әлiбеков Нұрлан мен Ибрагимов Мейiржандар үшiншi орынды қанағат тұтты. Жеңiс тұғырынан көрiнген Ақмая боксшыларының қоржынына жалпы саны бiр алтын, үш күмiс, екi қола медальдар бұйырды. Балғын жеткiншектер де, олардың ата-аналары да балаларды боксқа баулып, былғары қолғаптың, жекпе-жекке шығудың қыр-сырын үйретiп жүрген жаттықтырушы Пiрiмбетов Ержанға рахметтерiн айтуда. Бапкерлерiне де, шәкiрттерiне де алдағы уақытта тек жеңiс тұғырынан көрiнiңiздер демекпiз.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы