Сәрсенбі, 29 Қаңтар 2014   |   176 рет оқылды

Жастарға берілген жаңа бағыттар

Қаңтар айының 22 жұлдызында Қазақстан Республикасының Президентi - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын және жастар саясатының жүзеге асырылуы, жастар арасындағы өзектi мәселелердi талқылауға арналған ақпараттық - насихаттық топ ауданымыздағы Бестам, Алғабас ауылының жастарымен және Шиелi аудандық "Нұр Отан" партиясы ғимаратында Шиелi индустриялды - аграрлы колледжiнiң оқушыларымен кездесу өткiздi. Кездесулердi аудандық iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы Алмат Алдабергенов жүргiзiп отырып, ақпараттық-насихаттық топтың жастармен кездесулерiнiң мақсатын түсiндiре келiп, ат басын бұрып келген топ мүшелерiмен таныстырды. Содан соң, сөз кезегiн топ жетекшiсi, облыстық жастар саясаты мәселелерi басқармасының басшысы Жандос Базартайға бердi. Ол өз сөзiнде жастардың бойына қуат беретiн, жүректерiне Отанға деген сүйiспеншiлiктерiн арттыра түсетiн, "Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен" деген нақыл сөздегiдей елiмiзде, дүниежүзiнде жастардың жiберген қателiктерiн мысалға келтiре отырып, өте тартымды ете жеткiзе бiлдi. Сонымен қатар, облысымызда, аудандарымызда болып жатқан қуанышты жаңалықтармен бөлiсiп, жиылған жастардың болашаққа деген сенiмдiлiктерiн арттыра түстi. Атап айтсақ, мемлекет тарапынан жастарға көрсетiлiп отырған қолдау мен ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаевтың жастарға жасап отырған қамқорлығы, Қызылорда қаласында Жастар сарайының салынатындығы, қазiргi таңда өсемiн, жұмыс iстеймiн деген жастарға қолдау көрсетiлетiнiн, әр адам бәсекеге қабiлеттi болуы керектiгiн, "Жастар Отанға!", "Жастар ауылға!", "Дипломмен ауылға!", "Кел, жастар, оқылық!" "Құрылыс жасағы" бағдарламаларының әрi қарай жалғасымын табатындығы жайлы айтты. Одан соң, сөз кезегiн алған "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының атқарушы хатшысы Еркебұлан Меңлiбаев Елбасымыздың биылғы күнгi халыққа жариялаған Жолдауының маңыздылығы, ондағы жастарға арналып көрсетiлген қолдаулар, студенттiк шәкiртақының 25 пайызға өсетiнiн сөзiнiң өзегi етiп алды. Және де қазiргi жастардың қандай болу керектiгiн жете түсiндiрдi. Онымен қоса өзiнiң ой-пiкiрiн ортаға салды. Келесi сөздi алған "Жасыл ел" студенттiк еңбек жасақтары облыстық штабының жетекшiсi Жасұлан Алдабергенов жастардың көбiне қарапайым еңбек етуге ұялатынын айта келiп, ақша тапқанның, жұмыс жасағанның еш зияны жоқ екенiн жастарға түсiндiрдi. Келесi кездесу Көкшоқы елдi мекенiндегi "Арман" мәдениет үйiнде "Нұр Отан" партиясы Шиелi аудандық филиалы жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының кезектес тыс VI-шы есеп беру конференциясында жалғасты. Конференцияға ауданымыздың белсендi жастары, үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысты. Конференцияны "Нұр Отан" партиясы Шиелi аудандық филиалы жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының атқарушы хатшысы Айдана Маманова ашып, жүргiздi. Алғашқы сөз кезегiн алған "Нұр Отан" партиясы Шиелi аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Патима Маханбет өз баяндамасында: "ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан жолы - 2050: Бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ" атты Жолдауын бүкiл Қазақстан халқы ұйып тыңдады. Бұл Жолдау - жақсылықтың бастауы. Мәңгiлiк Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясына айналуы керек. Елiмiздiң экономикалық бай-қуаттылығымен бiрге рухани байлығын арттыру, әлеуметтiң әлеуетiн арттыру аясында Елбасымыз тарапынан ауқымды саяси қадамдар жасалып, бейбiтшiлiк пен достықты нығайтудың үйлесiмдi үлгiсi қалануда. Жолдаудағы мiндеттердi толығымен орындап, бақыт қонған елге айналамыз. Жолдау жастарға күш-жiгер бередi," – дедi. Келесi сөздi облыстық жастар саясаты мәселелерi басқармасының басшысы Жандос Базартай сөйледi. Мұнан соң "Нұр Отан" партиясы Шиелi аудандық филиалы жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының атқарушы хатшысы Айдана Маманова күн тәртiбiндегi бiрiншi, екiншi мәселе бойынша "Нұр Отан" партиясының төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын мақсаттар мен мiндеттер жайлы айтып, "Нұр Отан" партиясы Шиелi аудандық филиалы жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының 2013 жылы атқарған жұмыстарының есебiн бердi. Сөз кезегi "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының атқарушы хатшысы Еркебұлан Меңлiбаевқа берiлдi. Ол әрбiр бастауыш бөлiмшедегi жұмысты жандандыру, жоспарға жастар арасындағы проблема -тұрғын үй, жұмыссыздық мәселелерiн енгiзу, қоғамның мүшелерi - мүгедек жастармен ұрыс жұмыс iстеу, жалғызбасты қариялармен, оңалту орталығындағы балалармен жұмыс жүргiзуге арнайы ерiктiлер тобын ұйымдастырып, жұмысқа тарту мәселелерiн тiлге тиек еттi. Айдана Маманованың бiр жыл iшiнде атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық деген баға берiп, ол "Нұр Отан" партиясы Шиелi аудандық филиалы жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының атқарушы хатшысы қызметiне қайта сайланды. Еркебұлан Меңлiбаев "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының мiндеттерiн жүзеге асыруда жастардың бойында отаншылдық, iскерлiк, жауапкершiлiк қасиеттерiн қалыптастыра отырып, iзгiлiктi, рухани өркендеуiне қосқан еңбегi үшiн Айдана Маманова, Сырым Шохан, Меруерт Исаева, Қуаныш Мақашев, Талғатбек Абдулқожаев , Ерұлан Даткенов Алғыс хаттармен марапаттады. Аудандық "Жас Отан" жастар қанатының саяси кеңес құрамы сайланды. Сондай-ақ, "Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" жастар қанатының облыстық филиалының кезектен тыс VI конференциясына делегаттар сайланды. Бұл кездесулер көктем мезгiлiнде егiс алқабына егiлген дәндер секiлдi болды. Бұл егiлген дәндер келешекте өсiп-өнiп жемiсiн берерi анық.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы