Бейсенбі, 09 Қаңтар 2014   |   424 рет оқылды

Жеңiске қол жеткiзген жасөспiрiмдер

 

Биыл жастардың спортқа деген құлшынысы, ынта-жiгерi баршамызды қуантты. Еңселе бара жатқан 2013 жылдағы жас спортшыларымыздың жетiстiгiн ауыз толтырып, мақтана айта аламыз. Ол тек спортшыларымыздың ғана жеңiсi емес, бұл баршамызға ортақ ауданымыздың бiр жетiстiгi десек те болады. Сол жетiстiктiң бiрi Қызылорда қаласында өткен 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгi күнiне арналған қазақ күресiнен облыстық ашық бiрiншiлiкте, 2002-2003 жылғы туылған жасөспiрiмдер арасында өткен турнирде бiздiң спортшыларымыз тағы бiр жеңiстi қанжығаларына байлады. Турнирге қатысқан Шымкент, Түркiстан, Ақтөбелiк спортшылардың арасынан жұлдыздары жарық болып, жеңiске қол жеткiзген Еңбекшi ауылының мақтанышы Төлен Қайсар, шиелiлiк Ибадiлда Еркебұландар 1 орын иегерлерi атанып келсе, Амангелдi Оралхан 3 орынды қанағат тұтты. "Ұстаздан шәкiрт озар" демекшi жеңiске жету ол-жаттықтырушыларының мықтылығы. Ал, бұл жолы әдiс-тәсiлдерiн тиiмдi пайдалана бiлiп мықтылық көрсеткен жеңiмпаздарымыздың жаттықтырушысы Бауыржан Мырзалиев. Тәжiрибелi жаттықтырушы алдағы жарыстарда шәкiрттерiнен зор үмiт күтуде. Сол алға қойған мақсаттары орындалады деген сенiмдемiз.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы