Сәрсенбі, 22 Қаңтар 2014   |   280 рет оқылды

Баскетболдан басымдық танытты

 

Қаңтар айының 18 жұлдызында ауданымыздағы спорт мектебiнде баскетбол ойынынан аудандық ашық турнир болып өттi. Нағыз ер адамдарға тән бұл ойын түрi - бойдың ұзындығын, бiлектiң күштiлiгiн, сонымен қатар, шапшаңдық пен мергендiктi талап етедi. Турнирдiң ашылу салтанатында аудандық денешынықтыру және спорт бөлiмiнiң басшысы Нариман Сапарбай мен ардагер спортшылар қатысушыларға мықты денсаулық, жұмыстарына табыс, жақсы тiлектерiн тiледi. Турнирге қатысқан командалар екi доп түсiретiн тордың арасында шеберлiктерiн көрсете бiлдi. Көздеген доптары торға тура түсiп жатты. Командалар арасында осалы болмады. Барлықтары осы турнирге үлкен дайындықпен келгенi көзге көрiнiп тұрды. Сайыстың қорытындысы бойынша 1 орынды Кентау қаласының ардагерлерi, 2 орынды Шиелi ардагерлер құрама ойыншылары, 3 орынды Шиелi жастар командасы иелендi. Жеңiмпаздар мен жүлдегерлерге аудандық денешынықтыру және спорт бөлiмiнiң әзiрлеген сыйлықтары мен грамоталары табыс етiлдi.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы