Сенбі, 08 Ақпан 2014   |   250 рет оқылды

Табиғат егіз адаммен

Жабайы табиғатты бағындырып адамдар өздерiн жердiң "иесiндей" сезiндi. Табиғат байлықтарының шектеулi екенiн, кейбiреуiнiң қалпына өздiгiнен келмейтiнiн табиғат байлығын сақтауға, молайтуға қамқорлық қажет екенiн, олай етпеген жағдайда адамдар өздерiн қоршаған ортаны, оның байлығын жойып алатынын түсiну үшiн қаншама уақыт өттi. Табиғат ресурстарын қалпына келтiрмей, өсiрiп сақтамай, табиғи ортаның бұзылуына, ресурстарының сарқылуына әкелiп соғатыны хақ. Адам маңдайына берiлген осынау байлықты ұқыпты пайдалану адамдардың өздерiнiң өмiр сүру шарты екенiн түсiнген соң ғана олар табиғатты қаншалықты, қандай шамада пайдалануға болатынын қарастыра бастады. Мiне, осы бағытта қоршаған ортаның бүтiндiгiн сақтау үшiн ауданымызда "Шиелi орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi” коммуналдық мемлекеттiк мекемесi жұмыс жасайды. Жуырда осы аталмыш мекеменiң директоры Дастан Өтеуовтың 2013 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы мiндеттерi жайында жиын болып өттi. Жиын мекеменiң жарық та жылы мәжiлiс залында "Нұр Отан" партиясының Шиелi ауданы филиалының төрағасының бiрiншi орынбасары П.Маханбет, аудандық жер қатынастары бөлiмiнiң басшысы Г.Құлмырза, Қызылорда облысы бойынша экология департаментiнiң аудандық экологиялық мемлекеттiк инспекторы Е.Рахметовтердiң және аудан бойынша қорықшылардың қатысуымен өттi. Сөз басын мекеме директоры Д.Өтеуов алып, қатысып отырған қонақтармен таныстырып өттi де, есебiн бастап кеттi. Есебiн тыңдау арқылы орман шаруашылығы жұмыс түрлерiмен, мәдени орман отырғызу және күтiп-баптау жұмыстары жайынан, өртке қарсы iс-шара жұмыстарынан, орманды қорғау кезiндегi жасалатын шаралардан, биотехникалық жұмыстар жөнiнен де хабардар болдық. Мұнан ауызбiрлiгi мен бiрлiгi үйлесiм тапқан ұжымның осыншама тiрлiгi бiр қарағанда жай секiлдi көрiнгенiмен өзiндiк қыры мен сырына бойламай, қызығы мен шыжығын сезiнбейтiнiмiздi айқын ұқтырады. Қыстың қақаған боранында да, шiлденiң шiлiңгiр ыстығында да дамыл көрместен туған жерiнiң әрбiр бұтасы мен жүгiрген аң-құсын жанын сала қорғайтын табиғат сақшыларының әрекеттерiн слайдтар арқылы көрсету де есептi шараны әсерлендiре түстi. "Шиелi орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң директоры Д.Өтеуов жыл бойына атқарған жұмыстарымен қоса алдағы жылға жоспарланған iстерiнен де хабардар еттi. Жиылған жұртты сексеуiл екпесiн 200 га жерге егу, 1 га жерге мектеп бөлiмiн отырғызу, 0,3 га жер үйеңкi, шаған ұрығын себу, 1,7 га жерге сексеуiл дәнiн себу, 5200 кг сексеуiл ұрығын жинау және 1000 га жерге сексеуiл тұқымын себу жоспарланыпты. Сонымен қатар, 6220 м.куб отындық сүрек босату, 54 шақырым жерге жаңадан өртке қарсы жолақ салу, 216 шақырым жерге ескi өртке қарсы жолақтар жаңарту, 606 үгiт-насихат ескерту хат тарату мiндеттерi осы жылдың еншiсiндегi жасалатын iстер екенiн жеткiздi. Мекеме басшысының есебiн тыңдаған П.Маханбет, Г.Құлмырза, Е.Рахметов және осы мекеме қызметкерi С.Жайлаубаевтар оң баға берiп, жақсы тiлектерiн жеткiздi. Елбасы Жолдауын қолдайтындықтарын атап өттi. 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы